Өлең, жыр, ақындар

Бұқа мен бұзау

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3949
Мөңкіді бір күн ойнақтап Бұзау,
Демеді мынау жар менен құз-ау.
Шаншылып құйрық, көсіліп аяқ,
Барды да жүрген Бұқаға таяп:
– Қараңыз, аға, тұлғама менің,
Ойлаймын, сірә, емес деп тегін.
Сіздей боп алда өсем бе мен де?
Сол кезде Бұқа:
– Ой, тентек, сен бе?
Сүйегің осал, ерінің жұқа,
Боламын дейсің қалайша Бұқа?
Есірме текке, есалаң жарым,
Бәрібір маған жетпейді әлің, –
Деді де қатта Бұзауды сүзіп,
Жіберді қуып, күдерін үзіп.
* * *
Арада айлар, жылдар да өтті,
Жас Бұзау әбден кемелге жетті.
Бір күні Бұқа кезікті жолда,
Қалыпты байқап Бұзауды ол да.
Денесін көріп өзінен алып,
Сәлемін берді иіліп барып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Армысың, ару Майым

  • 0
  • 0

Армысың, ару Майым – көктемдерім,
Құлпырып шешек атқан көк белдерім.
Күй болып күмбір қағып төккен лебің
Тәнімді тебірентіп өпкен менің.

Толық

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз

  • 0
  • 0

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз –
Көп жыл бойы қосылмады арамыз.
Жүрегімде алаулады жыр болып,
Желке шашы желбіреген бала қыз.

Толық

Күнбағар

  • 0
  • 0

Таңертең де, түсте де
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады.

Толық

Қарап көріңіз