Өлең, жыр, ақындар

Бала киік

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 795
Алай-түлей дауылда,
Көк түтеген жауында,
Бала Киік адасып,
Тап болды бір ауылға.
Көріп еді жалтақтап,
Баса ма деп бауырға;
Түйе тесіле қарады,
Есек есіре қарады.
Шошқа шошына қарады,
Бұқа басына қарады.
Бірі «бала екен» деді,
Екіншісі «шала екен» деді.
Үшіншісі тұрып:
«Кімі бар екен?» – деді.
Бірі нұқып қалды,
Бірі шұқып та алды.
Бала Киік мұндайда
Қорғанып бұғып қалды.
Бірақ, оған налымады,
Налығанда не қылады?
Билік соларда,
Таласып болар ма?
Күйінді, ашынды,
Тыйылды, басылды.
Жанды тек қинады,
Бұл жерге симады.
* * *
Болмаса қолдаушың,
Табылмас қорғаушың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анашым

  • 0
  • 0

Айналайын анашым,
Бар ма сендей жан асыл?
Жарқыраған жұлдыз боп жанасың.
Айналайын анашым,

Толық

Шынын айтсам

  • 0
  • 0

Сынға болмай төзімді,
Мақтау күткім келмейді,
Ашпай тұрып көзімді,
Ақтауды ұққым келмейді.

Толық

Қырманда

  • 0
  • 0

Шабыт берген, дем берген,
Қырман басы көңілді.
Көргендеймін сол жерден
Аралап бар өңірді.

Толық

Қарап көріңіз