Өлең, жыр, ақындар

Қаншық

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1129
Қой жоқ болса, итке сірә кім таңсық?
Итаяғы көптен беі тұр қаңсып.
Қожайыны қуды-дағы жіберді,
Содан бері қаңғыбас боп жүр қаншық.
Тіршіліктің тарам-тарам жолы бар,
Жолы барлар бақытына жолығар.
Сол қаншыққа тамаша жай тап болды,
Жүретұғын қақпаларды торып әр.
Қаншық соған жетіп барды асығып,
Бұрқырайды от қақтаған шашылық.
Нәпақа етіп теріп жеді тойына,
Сіңірлерді қалған-құтқан шашылып.
Келесі күн тағы барды сол қаншық,
Қалған-құтқан сіңір-саяқ – мол талшық.
Кейбіреуге қояды ептеп үріп те,
Сол маңайдың күзетшісі болғансып.
Келгендерден қаншық енді қашпайды,
Құйрығын тез бұлғаңдата бастайды.
Қылығына қызыққан кей «жомарттар»
Шашылықтан үзіп-үзіп тастайды.
Бірте-бірте қаншық көңлі жайланды,
Қабырғасы кәдімгідей майланды.
Не боларын қайдан білсін бейшара,
Бірде өзі де шашылыққа айналды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа жыл

  • 0
  • 0

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Толық

Жала мен пара

  • 0
  • 0

Пара мен Жала кезікті,
Бірін-бірі тез ұқты.
Сөзді Пара бастады:
– Екеуміз мүшеміз бір бастағы.

Толық

Атып алдым қоянды-ай...

  • 0
  • 0

«Атып алдым қоянды-ай,
Қанжығам қанға боянды-ай.
Осынау әнге салғанда,
Қыз-келіншек оянды-ай».

Толық

Қарап көріңіз