Өлең, жыр, ақындар

Аққу мен құзғын

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1261
Самалды желде,
Қоғалы көлде
Аққу жүзіп жүрді,
Айдынды сызып жүрді.
Кіршік жоқ қанатында,
Жаратылған дара тұлға.
Тәңіріндей пәктіктің,
Тұла бойы ақ тіптім.
Сол Аққуға паң ғана
Деді Құзғын таңдана:
– Ару құсым, аман ба?
Неге мойын бұрмайсың?
Неге ізет қылмайсың?
Тәкаппарсың әманда.
Көпке пайдаң тиетін,
Жоқ-ау мәдениетің.
Аққу айтты:
– Не дейін?
Ұш, соңыңнан ерейін,
Тірлігіңді көрейін,
Сонда жауап берейін...
Құзғын бастап келеді,
Бір кездері көреді:
Ернеуінде құздың дәл
Құжынаған Құзғындар
Өлексені бөлісіп,
Жатыр шулап өлісіп.
Қанаттары жұлынып,
Ұлпа жүндер бүлініп,
Айналаға шашылған,
Жасыл майса басылған,
Берекені қашырған.
Бұл сұмдықпен танысып,
Кетті екеуі ары ұшып.
Кешкі мезгіл болғанда,
Жетті олар орманға.
Құзғын айтты:
– Міне, біз
Түнде осында оралып,
Тал басында демалып,
Еркін өмір сүреміз.
Қарады Аққу шошына
Төмен жақтан жиреніп:
Жүн-жұрқамен қосыла,
Гүлдер солған иленіп,
Мүңкіп жатыр қи бөгіп.
Аққау айтты:
– Досым-ау,
Мәдениетің осы ма?
Табиғатың – басты анаң,
Болсын қалай баспанаң?
Құзғынсыңдар ластаған, –
Деді де Аққу жеріне,
Ұшып кетті көліне.
* * *
Ауаны өртеп ақ таңда,
Табиғатты біз мұнда
Қолдан құртып жатқанда,
Өкпе бар ма Құзғынға?
Құзғынның аты – Құзғын да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақынға

  • 0
  • 0

Емес бұл саған менің жағынуым,
Немесе тәңір тұтып табынуым,
Түсіне біле-білген адам болса,
Ағынан ақтарылып жарылуым.

Толық

Медалист мысықай

  • 0
  • 0

Оныншыны шамасы
Бітіреді Мысықай.
Қылығына қарашы,
Мысықтың тым пысығы-ай:

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Туған жерім – бесігім,
Күн нұрына бөленген.
Қандай ыстық есімің?
Аңсап сені келем мен.

Толық

Қарап көріңіз