Өлең, жыр, ақындар

Бостандық таңы атты

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 15
  • 62980
Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.

Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.
Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.

Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.

Адамның бәрі бір, болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Ар билейтін заманда нәпсі өліп,
Бірігер еңбекте барша адам баласы.

Адалдың жері жоқ ақырда жеңбейтін,
Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін.
«Ақ иіліп сынбақ жоқ» деген рас,
Нәпсі өлсе өзімшіл, бұған кім сенбейтін?

Таласпай бөліссе табиғат байлығын,
Қара жер тойғызар адамның барлығын.
Махаббатпен бірлесіп еңбек қылған
Өмірдің көреді бақытты сайлығын.

Бұл өмір таусылмас, жаңарар адамзат,
Арам ой мұтылып, зорлықшыл болар мат.
Адал етсең, енбектің жемісін жеп,
Шалқыған ел-жұртым, боларсың көңілің шат.

Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып, әніме саларсың!



Пікірлер (15)

Асхат

Тамаша

Жаннұр

Керемет

ақмарал

өте керемет

Төрағалық Төрәлі

керемет

Əлібек Нұржігіт

тамаша өте керемет

Айғаным

Өте керемет өлең Маған қатты ұнады

Андр

ен керемет

жамила

олен катты унады оте керемет!

Бақдаулет Нұрдаулет

Өте керемет өлең
Мен өлеңді оқудамын сендерде окындар

Акбота

Бул олен ар адамга керамет асер береди .Бир шумагынын ишинде каншама магына жатыр.

А

Керемет өлең

Аяулым

Өте керемет өлең

Еркеназ

Өте керемет жақсы жазылған

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер!

Сулукбай Акбобек

Как раз мне нужна, всем спасибо, очень крисиво

Пікір қалдырыңыз

Тәңірі мен жан

  • 0
  • 1

Күн аязда терезеге
Неше түрлі гүл түсер.
Мұнша әдемі түсті неге
Кім түсірді?- Ой жібер.

Толық

Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр...

  • 2
  • 1

Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр,
Алпыс үй, бәрі кедей Әнет жатыр.
Нашар ата баласы дейді оларды,
Еңбектерін бұл күнде ұмытты ақыр.

Толық

Ескі ақындық

  • 1
  • 1

Мұны оқыған ұландар,
Үмбетей жырын тыңдаңдар!
Байқап оқып әрбірін,
Ақылға салып бар сырын,

Толық

Қарап көріңіз