Өлең, жыр, ақындар

Үй мен күй

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 635
Тоқсан алты пәтерлік
Үйге кірдік сүйініп.
Жүгімізді әкелдік
Буынып та түйініп.
Жора-жолдас болысты,
Өтті алғашқы қиындық.
Тойлау үшін қонысты
Кешке қарай жиылдық.
Міне, қызық – шамы жоқ
Қараңғы үйде қамалдық.
Газ бен суы тағы жоқ,
Әрең-әрең дем алдық...
Аптадан соң жарық кеп,
Келді айдан соң су ыстық.
Газдан көңіл қалып тек,
Біржолата суыстық.
Екі айдан соң газ келіп,
Газбен бірге жаз келіп,
Сұлу әуен-саз келіп,
Отыр едік мәз болып.
Сынды судың краны,
Еден жігі ашылды.
Қабырғаның сылағы
Әр жерден бір шашылды.
Бар рақат өтті тез,
Қөсіле алмай кеңдеу бір.
Бей-берекет жетті кез –
Түбегейлі жөндеу бұл.
Алты айдан соң аңдарша
Босып кеттік күн-түні.
Жөндеу аяқталғанша
Көшіп кеттік бір күні.
Үйіндеміз әкемнің,
Несін айтам, досым-ай.
Жаңа кірген пәтердің
Жайы-күйі осылай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төбеттің тәрбиесі

  • 0
  • 0

Өзі күшті,
Тым сұсты
Өзге иттерден бөлек
Болды бір Төбет.

Толық

Сайлау алдындағы сауал

  • 0
  • 0

Батыр ұлдар ерлігімен ерлейді,
Туған жер деп, тебіреніп, терлейді.
Күні-түні ел тағдыры толғантып,
Намыс туын өзгелерге бермейді.

Толық

Жеңешем

  • 0
  • 0

Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.
Өзіңнен артық жан бар ма,
Жеңешем, менің жеңешем?

Толық

Қарап көріңіз