Өлең, жыр, ақындар

Рак

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1189
Рак деген кеселдің көкесі,
Ешкімнің қызған емес шекесі.
Рас, ракпен ауырған екенсің,
Кешікпей о дүниеге кетесің.
Ол сенің байлығыңа да қарамайды,
Айбыныңа да қарамайды.
Жаныңды ала береді,
Келесі құрбанына бара береді.
Ракты жазатын дәрі де жоқ,
Медицинаның әлі де жоқ.
Жаныңды қинап азаптап,
Алқымнан алып заматта-ақ,
Аттанып кете бересің,
О дүниеге өте бересің.
Тірлігіңде жиған-тергенің,
Қаншама қызық көргенің,
Пара алып, пара бергенің,
Бәрі де қалып артыңда,
Бір-ақ сәтте өлгенің.
Ракпен ауырған адамның
Жазылғанын көрмедім,
Сен де сенбегін.
* * *
Иә, рак дегенің солай,
Емес оңай!
Қазіргі қоғам да
Ұқсаса адамға.
Өйткені, негізі адам ғой,
Адам болған соң, демегін
Аурудан аман ғой.
Адам болған соң, жейді, ішеді,
Құлқынның қуысына түседі.
«Ауру – астан,
Дау – қарындастан»
Деген сөзді ұмытады,
Жеген сайын құнығады.
Яғни, қоғамды жемқорлық жайлаған,
Қарсы тұрар күш қайда оған?
Жемқорлық та бір, рак та бір,
Екеуіне ортақ бір-ақ тамыр.
Ол тамыр матауға да келмейді,
Отауға да келмейді.
Денеге бір кірген соң,
Ешбір күшке көнбейді.
Бой жазып үлгірген соң,
Тұла бойды дендейді.
Аз күнде семдіріп тынады,
Ақыры өлтіріп тынады.
* * *
Қоғамның өлгені – адамның өлгені.
Адамның өлгені – заманның өлгені.
Қоғамның дерті – заманның өрті.
Ширек ғасыр күресіп келеміз,
Бірақ, жемқорлыққа ілісіп келеміз.
Жемқорлық қашан жойылады?
Бос сөзге қашан нүкте қойылады?
Жерді өрт шалса, су басады.
Суды өрт шалса, кім басады?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шымшық пен көгершін

  • 0
  • 0

Жауыз тұзақ бір Шымшықты қысты әсем:
Бейшара әбден тыпыршыды, болмады.
Жас Көгершін мұны көріп қорлады:
«Қалай ғана түсіп қалдың түсте сен

Толық

Мысалдан да тәлім ал

  • 0
  • 0

Ұққан құлақ қанығар,
Түйіп айтар мәні бар.
Ой тастайды астарлап
Мысалдан да тәлім ал.

Толық

Толғанай

  • 0
  • 0

Әлди де әлди, Толғанай,
Әлдидің мұңды болғаны-ай.
Желегін жаңа жайғаңда,
Гүлімнің ерте солғаны-ай.

Толық

Қарап көріңіз