Өлең, жыр, ақындар

Жасырын бәйге

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 709
(Жан толғауы)

Ақтарар болсам мен жан сырын,
Жасырын бәйгеге қарсымын.
Өйткені, бұл заман, ол заман
Жасырын бәйгелер болмаған.
Бәйгеге қосылса тұлпарлар,
Жиналып жан-жақтан іңкәрлар,
Шығып ап басына төбенің,
Яғни, түбінде сөренің
«Қолда», – деп, «а, Құдай!» аһлап,
Тұратын қалтқысыз бақылап.
Қадалып бір емес, мың көздер,
Айтылып мадақтау шын сөздер,
Сөреден кім бұрын өтеді,
Тек соны жеңімпаз етеді.
* * *
Ал, егер палуандар күрессе,
Табандар тас болып тірессе,
Лақтырса біреуін біреуі,
Табылмай тобырдан тіреуі,
Мықтысын көрермен қолдаған,
Әлсізге есіркеу болмаған.
* * *
Айтысқа шыққанда ақындар,
Болса егер жасындай жарқылдар,
Ондайды көпшілік жақтаған,
Ұрпақтан-ұрпаққа мақтаған.
Ақындар шыққанда айтысқа,
Сүрініп кетсе егер қай тұста,
Көре алмай қошемет жұртынан,
Ондайлар біртіндеп ұмытылған.
* * *
Түссе егер суретші жарысқа,
Жиналған жақын да, алыс та,
Бір-бірін айырып өзгеден,
Қараған қырағы көзбенен.
Кімнің шын бояуы қанықса,
Бағасын берген дәл халық та.
Зәмзәм су ішкендей тұнықтан,
Көрермен шырынын шын ұққан.
* * *
Түссе егер сазгерлер жарысқа,
Бармай-ақ қояйық алысқа.
Тыңдарман қауым тың тыңшы ғой,
Әуенге әуелден сыншы ғой,
Әуені құлаққа қонбаса,
Шәмшідей шын талант болмаса,
Өтірік мақтауға бармаған,
Ондайды қабылдай алмаған.
* * *
Ал, егер әншілер ән салса,
Әніне көпшілік тамсанса,
Сонда да солардың таңдауын
Шешкен ғой тыңдарман бар қауым.
Жақсыны жасыра алмайсың,
Жаманды асыра алмайсың.
Бәрін де орнымен бағалар,
Түсінер түйсік пен сана бар.
* * *
Жасырын бәйгені сонда біз
Неліктен қоямыз жолға біз?
Құлагер секілді тұлпар да
Қарыштап, қарқындап шырқарда,
Құлады жасырын қастықтан,
Осы ма бәйгеміз бас тұтқан?
Шынында бәйгеміз жасырын
Жасырып ардақты асылын,
Өзара қолпаштап жасығын,
Қолдауы емес пе жақынын?
* * *
Жасырын бәйгеміз жойылса,
Әділет ақ жолға қойылса,
Шығарма шынайы қалпында
Тыңдалса көпшілік алдында,
Көңілде көлбеңдеп күдіктер,
Үзілмес еді ғой үміттер.
Көпшілік бағалар асылын,
Бәйгелер болмасын жасырын.
* * *
Қашанғы қауымды алдайсың?
Айлаңды асыра алмайсың.
Бәрін де біліп тұр, көріп тұр,
Алладан жасыра алмайсың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зеңбіректер мен желкендер

  • 0
  • 0

Желкендер мен Зеңбіректер бұрынғы
Қоздырды жаулық жарасын.
Зеңбіректер көтеріп ап мұрынды,
Көк төсіне үңілді:

Толық

Мұратбекке

  • 0
  • 0

Бізге берген уәдең ойыңда жоқ:
Өгіз соям деп едің, қойың да жоқ.
Той жасаймыз іс бітсе деген сөзге
Күдіктене қараймыз ойын ба деп.

Толық

Жарлы бай

  • 0
  • 0

«Бай болу не күйлі аса,
Ішіп-жеуге өзіне-өзі қимаса,
Ақшаны тек жинаса?
Өлгеннен соң бәрі қалар артында,

Толық

Қарап көріңіз