Өлең, жыр, ақындар

Қолжетімді деген не?

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2042
Көк тіреген зәулім үйлер,
Сымбатты да сәнді үйлер
Салынып жатыр, салынып жатыр.
Еркін жұтар ауа да жетпей,
Бала ойнар аула да жетпей,
Қаланың тынысы тарылып жатыр.
Пәтерді кімдер алып жатыр?
Әрине, шанеуніктер алып жатыр:
Алдымен өзіме деп алады,
Алғанда тезінен алады.
Одан анама деп алады,
Одан балама деп алады.
Одан немереме деп алады,
Тіпті, туылмаған шөбереме деп алады...
Сонда, өзгелерге немене қалады?
Қалмайды емес, қалады,
Бірақ, қара халық қалай алады?
Әр шаршы метрі пәтердің,
Құнын сұрағандай әкеңнің,
Үш жүз мың теңге болса,
Қасірет қой елге сонша?
Көп жастар жұмыссыз жалтақтап жүр,
Жұмыстағылардың өздері
Әрең-әрең жан сақтап жүр:
Алатыны алпыс мың теңгеден аспайды,
Онымен қалай жан сақтайды?
Пәтер түгіл, бас қайғы.
Зәулім үйлер сылаңдап тұр,
Пәтер құны шығандап тұр.
Халық қызығын көргенще,
Арзан бағамен бергенше,
Қаңырап тұра бергені артық,
Бір күні «құлап өлгені» артық.
* * *
Ал, пәтерді жалға берген,
Оның өзін зорға берген,
Уақытша жалдай бер,
Өзіңді-өзің алдай бер.
Он бес жыл өткен соң,
Тозығы жеткен соң,
Сол пәтердің иесі атанасың,
Бірақ, босқа шаталасың.
Тағдырың қарап қырын,
Пәтерден бұрын
Өзіңнің тозып кетуің мүмкін,
Өмірден озып кетуің мүмкін.
* * *
Сонда, қолжетімді пәтер –
Көпшілікке қатер,
Бос қиял, арман ба?
Арман орындалар ма жалғанда?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірдің жолы бұралаң

  • 0
  • 0

Өмірдің жолы бұралаң,
Алдыңда арман – ұлы алаң.
Сүрініп талай құлағам,
Тығылып талай жылағам –

Толық

Жылқы жылы

  • 0
  • 0

Жылқы жылы келіпті,
Жануар ғой көрікті.
Елімізге ерекше
Ыстық сәлем беріп тұр.

Толық

Ғашықпын, ару дүние

  • 0
  • 0

Ғашықпын мен, дүние, сенесің бе?
Сенесің бе, еркіндік бересің бе?
Тербетіліп келемін, мен жетіліп,
Махаббаттың мәңгілік кемесінде.

Толық

Қарап көріңіз