Өлең, жыр, ақындар

Бата беру

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1861
Ежелден қолдаған халқымыз.
Бата беру – ата салтымыз.
Дуалы ауызды адам бата береді,
Яғни, батаны ата береді.
Ол қол жайып отырған отбасына,
Немесе, жиылған топқа ұсына,
Ақ жүрегімен иіп береді,
Бар жақсылықты үйіп-төгеді.
Сөздің мәнін тереңнен қозғайды,
Бірақ, сағыздай созбайды,
Ұтымды сөзбен ұста,
Өзгелерге нұсқа,
Қайырады қысқа
Берген бата ұғымды болады,
Жанға жұғымды болады.
Ал, қәзіргі кейбір қырттар,
Қырма сақал, қияқ мұрттар
Бата бер десең болғаны,
Тебіреніп, толғанып,
Ыңыранып отырып алады,
«Қазанын қайнатып, сапырып алады».
Әңгімені әріден бастайды,
48 мың пайғамдарды қайырып тастайды.
Одан кейін әулиелерді,
Түрлі әмбиелерді,
Отырардағы отыз бап,
Сайрамдағы сансыз бап,
Мың жыл бұрынғы бабалар,
Диуана, дәруіш, даналар,
Жеті атадан тараған аруақтар,
Қасиетті болған шаңырақтар,
Бірі қалмай теріле береді,
Тоғыз өрім қамшыдай өріле береді.
Бүгінгі басшыларды да шолып бағады,
Қол жайып отырғандардың қолы талады.
Демдері бітіп, тарылып кетеді,
Тыңдаудан мүлдем жалығып кетеді.
Бата беруші «аумин» дегенге дейін
Бастары салбырап еденге дейін,
Мүлгіп, қалғып кетеді,
Бастары ауырып, мәңгіп кетеді.
Мұндай бата кімге керек?
Мүмкін, дінге керек?
Алайда, діннен мүлде бөлек,
«Жан ауыртқан дос емес»,
Уақытты ұрлау қош емес.
Қыртылбай сөз бос елес.
Мынандай ұшқыр заманда,
Уақыт қымбат адамға.
Айтарың болса, қысқа айт,
Қысқа да болса, нұсқа айт.
Бата беру жыр емес,
Немесе жарапазанның үні емес.
Ақ тілегіңді адал айт,
Қысқа ғана қадап айт.
Батаң сонда дұрыс болады,
Қабылданып, ырыс болады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алыста сенің тұрағың

  • 0
  • 0

Алыста сенің тұрағың,
Көрмедем, қалқам, көп айлар.
Жайқалтып жасыл құрағын,
Жапырақ жайды тоғайлар.

Толық

Аңдардың апаты

  • 0
  • 0

Бір алапат апат қысып аңдарды,
Ормандарды қаптады үн қамыққан:
Айқара есік ашылғандай тамұққа,
Өлім кезді тау мен дала, аңғарды.

Толық

Тышқандар

  • 0
  • 0

«Сіңлім менің, сездің бе сен сұмдықты?!
Тышқанға айтты қасындағы бір Тышқан, –
Байқаймысың, кемемізден су шықты,
Тесілген-ау бір тұстан.

Толық

Қарап көріңіз