Өлең, жыр, ақындар

Көлік бәйгесі

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1060
Қарағым, қоғамдық көлікпен
Жүріп көріп пе ең?
Көрмесең, міне ғой,
Қадыр-қасиетін біле ғой.
Иә, автобусқа мініп аласың,
Біразға дейін тұрып алады.
Жұмысқа кешікпеуің керек,
Ескерту есітпеуің керек.
Оны біліп жатқан шопыр ма?
Асықсаң, отырма.
Бір кезде жүріп кетеді,
Зәреңді жұлып кетеді.
Қаптаған көліктердің
Ішіне кіріп кетеді.
Біреуін сүріп кетеді,
Біреуін іліп кетеді.
Бәйгеге түскендей,
Күшала ішкендей,
Жын ұра жұлқынады,
Тек алға ұмтылады.
Ішке тартып қаныңды,
Шыбын жаныңды
Шүберекке түйіп отырасың,
Есіңді әрең жиып отырасың.
Шопырлардың көбісі
Мәдениетпен жоқ ісі,
Ауылдан келгендер,
Кең даланы көргендер.
Бәйгеге шауып, тізгінін
Ат еркіне бергендер.
Сондықтан оларға
Жол ережесі қонар ма?
Кең далада жүргендей,
Тұлпарға мінгендей,
Делебесі қозып кетеді,
Алдыңғыдан озып кетеді.
Сөйтіп жүріп лағып кетеді,
Адамды да қағып кетеді.
Желөкпе желікпен,
Қарсы келген көлікпен
Қағысып қалады,
Көліктер қабысып қалады,
Көлік ішінде отырғандар
Орындықтарға жабысып қалады.
Біразы табанда өліп қалады,
Отбасы болып қаралы,
Азаматын жоқтап жатады,
Шопырды сот соттап жатады.
* * *
Емделіп құтылғанмен қотырдан,
Қалай құтыламыз шалағай шопырдан?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл сатушы мен жігіт

  • 0
  • 0

Қан базарда тұр жігіт
Аяқ-қолы балғадай.
Бір тынбайды бұл жігіт,
Алушысын талғамай:

Толық

Аңдардың апаты

  • 0
  • 0

Бір алапат апат қысып аңдарды,
Ормандарды қаптады үн қамыққан:
Айқара есік ашылғандай тамұққа,
Өлім кезді тау мен дала, аңғарды.

Толық

Сыбызғы

  • 0
  • 0

Егер тартып қараса,
Сыбызғы үні тамаша!
Дала ұйып тұр тыңдап.
Ойна, сыбызғы!

Толық

Қарап көріңіз