Өлең, жыр, ақындар

Жалқаубек

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2379
Сабақ жүріп жатыр,
Сынып тына қалған.
Оқушылар тұрып жатыр
Мұғалім сынақ алған.
Жалқаубек мүлгіп отыр,
Көзін бір жұмып, бір ашып.
Басын шұлғып отыр,
Тәтті ұйқыға ұласып.
Мұғалім шыдасын қашанғы,
Ескерту жасады:
– Қарағым, қалғыма,
Қарап отыр алдыңа.
Жалқаубек көзін ашып алды да,
Қалғып кетті тағы да.
Мұғалім:
– Тұр! – деді,
Ұят екен бұл – деді.
Турасына келсек,
Дәптерің қайда, көрсет?
– Сыныпта қалып кетіпті,
Біреулер алып кетіпті.
– Одан да, жазғаным,
Десеңші, жазбадым.
– Жоқ, ағай, жазғам,
Кеше құдық қазғам.
Сонда түсіріп алдым,
Парағын ұшырып алдым.
– Болмаса, оқығыныңды айт,
Көңілге тоқығаныңды айт.
– Ағай, оқымадым,
Үйде отырмадым.
– Е, қайда болдың?
Не ойладың?
– Сайда болдым,
Доп ойнадым.
– Кешкілік не істедің?
– Асық ойнайтын жерді тегістедім.
Енді түре келіп,
Үйге кіре беріп,
Табалдырықтан құлап түстім,
Ұзынымнан сұлап түстім.
– Кітап бетін аштың ба?
– Иә, көрпенің астында
Біраз қарап,
Парағын санап,
Басым ісіп кетті,
Денем ысып кетті.
Ойыннан соң қарным ашып,
Дегбірім қашып,
Керемет шаршап келіп,
Тамақты аңсап келіп,
Табақпен іші кең
Көжені көп ішім ем,
Қарным шертиіп тойып кеттім,
Төсекке қойып кеттім.
Содан қалжырап,
Тәтті ұйқымен маужырап,
Сабақты оқи алмадым,
Оқығанмен, миыма тоқи алмадым.
Сөйтіп, көңілім ала болды,
Ұйқым шала болды.
– Ұйқымен өтсе өмірің,
Құрметтейді сені кім?
Оқымаған адам
– Топас, надан.
Онда, саған
Тиісті баға – «жаман!».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ бата

  • 0
  • 0

Иә, Алла, бере гөр,
Береке, байлық төге гөр.
О, халайық, көре бер,
Бергенін Алла алмасын,

Толық

Жанашырым

  • 0
  • 0

Өзіңсің – анашым да жанашырым,
Көзімде күлімдеген қарашығым.
Өмірде не жақсылық жасар болсам,
Бір саған арналады бар асылым.

Толық

Көбелегім

  • 0
  • 0

Ауыл маңы көл еді,
Көк майсалы бел еді.
Желпіндірген жаныды
Жұпарлы жібек жел еді.

Толық

Қарап көріңіз