Өлең, жыр, ақындар

Айна қойдым алдыма...

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 1
  • 22723
Айна қойдым алдыма,
Көрейiн деп өзiмдi.
Екi құлақ тарс бiтiп,
Шел басыпты көзiмдi.

Иiс бiлер мұрын жоқ,
Таза ақылдан ырым жоқ,
Түзелерлiк түрiм жоқ,
Жалған деме сөзiмдi.

Ақ ниетiм бұрын жоқ,
Жүрегiмде нұрым жоқ,
Жасыратын сырым жоқ,
Айтпай арам безiмдi.

Жалғыз менi деме қор,
Менi көр де, сене көр,
Сен де емессiң менен зор,
Дәл мен деп бiл өзiңдi.

Адамның бәрiн елесе,
Аламын деп iрiсiн,
Бәрi өтедi әрi қарай,
Сен де соның бiрiсiң.

Електе қалмас бiр адам,
Не ғылымды, не надан.
Бiз сияқты барша жан
Сорға сатқан ырысын.

Ындыны таза ешкiм жоқ,
Сыртында май, iшiнде оқ.
Түп қарыны толған боқ,
Жасырып жүр мұнысын.



Пікірлер (1)

Бейсек

Шәкәрім Құдайбердіұлы нағыз ұстаз!

Пікір қалдырыңыз

Ескіден қалған сөз теріп...

  • 1
  • 2

Ескiден қалған сөз терiп,
Өз ойымнан өң берiп,
Yйретудi жөн көрiп,
Түзетпек едiм адамды.

Толық

Сәлем, Әбдіғали бауырым – жалғызға...

  • 1
  • 1

Сәлем, Әбдіғали бауырым – жалғызға,
Осы әнімді үйрен салғыз да.
Бұл – даусыңа сенің лайық ән,
Толға, бір нүктесін қалғызба!

Толық

Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді

  • 1
  • 2

Таза арақты әкел, шырақ,
Болайын қайғыдан жырақ.
Бойым – еркiн, ойым – ұжмақ,
Тiлiм – бұлбұл, сөзiм – бұлақ!

Толық

Қарап көріңіз