Өлең, жыр, ақындар

Балық пен халық

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1305
Өзіміздің Каспий мен Аралда,
Өліп жатыр Қаракөз, Табан да.
Мұндай теңіз балық үшін таяз ба?
Өліп жатыр Бекіре де, Қаяз да.
Зор тұлғамен секіретін биікке,
Неге өледі мұхиттағы Киттер?
Су түбінде жүзетұғын сайрандап,
Бейшаралар қалып жатыр қайраңдап.
Қаншама зор болғанымен алыптар,
Бейшара боп жаралған ғой Балықтар.
Сөздері жоқ кесепатты анықтар,
Тілсіз болса, шын бейшара анық дәл,
Сенері тек – артында зор Халық бар.
Алайда, халықта қатып қалған қалып бар:
Балық түгіл, адам қырылып жатса да,
Бір ауыз сөз айта алмайды Патшаға.
Ауыздарын ашпайды,
Артық адым баспайды.
Балықтар болған соң тілсіз,
Әрқашанда бейшара, үнсіз.
Ал, Халыққа не жоқ, бола тұрып тілі?
Басынан асып мұңы,
Тарылып жатса да күні,
Неге шықпайды үні?
Қалай түсінеміз мұны?
Халық Патшаның емес,
Еді ғой Құдайдың құлы.
Мылқау болып мүлдем,
Қорқады кімнен?
Тағдыр деп, неге көнеді?
Бостан-бос неге өледі?
* * *
Тілі бар халық – Халық,
Тілі жоқ халық – Балық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аққудайын айдын көлде таранған

  • 0
  • 0

Аққудайын айдын көлде таранған,
Тұла бойың таң-тамаша жаралған.
Көз айырмай кеуде керген анардан,
Жалт-жұлт етіп жалын ұшты жанардан

Толық

Қожанасырдың кеңесі

  • 0
  • 0

Бір падиша бек қартайған шағында,
Мұрагерін қалдыруға тағында,
Шақыртыпты дана Қожанасырды,
Сүйікті ұлын келтіруге ақылға.

Толық

Шаруа мен ат

  • 0
  • 0

Бір Шаруа сұлы екті,
Мұны көрген жас Ат бір
Міңгірледі бұған талдау жасап бір:
«Қанша сұлы сепкен түріп білекті!

Толық

Қарап көріңіз