Өлең, жыр, ақындар

Сыйлық

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1183
Бас қосып, пікір алысқанда,
Әрине, аң патшасы Арыстанға
Өзгелер қарсы келіп, жарысқан ба?
Оңды, мейлі солды,
Ол айтса болды,
Көңілге қонды.
Сол Арыстан өзі жақсы көретін,
Немесе, «көкелеп» келетін,
Екі жылда бір беретін
Сыйлық тағайындап аңдарға,
Кеңесші сайлады таңдарға.
Баға беретін бәріне,
Ол – Түлкі еді, әрине.
– О, құдіретті Патшамыз,
Бас иеміз баршамыз,
Кеңесімді қабыл алсаңыз,
Сыйлықты алдымен түріне қарап,
Содан кейін үніне қарап,
Бергеніңіз жөн болар,
Өкпелемейді сонда олар.
– Иә, сонымен кімге берейік?
– Денесіне қарап,
Пілге берейік,
Дейін десем, оның үні де жаман,
Алыптығы болмса, түрі де жаман.
Қасқырдың ұнатқанмен ұлығанын,
Қойлардың қас жауы – зұлым анық.
Ал, Сиырдың мөңірегені
Секілді бұзауы өліп, еңірегені.
Түйе үнінің жаныңды қозғағаны,
Секілді ботасы өліп, боздағаны.
Ал, Иттің үргені болмаса,
Оңып тұрған жоқ ол да аса:
Десек, Сізге ғана бағынады,
Қылмаңдап, тек адамға жағынады.
– Ал, Жолбарыс ше?
– Баспайды ол оңған іске:
Сіздің орынға қона қалмақ,
Аң Патшасы бола қалмақ.
Сондықтан, одан сақ болыңыз,
Момындарға жақ болыңыз.
Мәселен, көзді Есекке салыңыз,
Дұрысы, соны есепке алыңыз.
Жемін жіктеп жатпайды,
Не берсең де жей береді,
Не десең де, «құп» дей береді,
Түбінде сеніміңізді ақтайды.
Тыңдағанын рахатқа батыратын,
Дауысы сондай зор ақыратын.
Қалқиған құлағы да әдемі,
Сыртылдаған тұяғы да әдемі.
Қанша жүк артсаң да былқ етпейді,
Алдыңа түсіп алып, бүлкектейді.
Қайда жұмсасаңыз да қолбала,
Сыйлыққа лайығы сол ғана.
Арыстанның қуанғаны соншалық,
Түлкінің сөзіне тамсанып:
– Мынауың тапқан ақыл, – деді,
Осы ұсынысың мақұл, – деді.
* * *
Сөйтіп, Есек сыйлықты иеленді,
Патшаның аяғын сүйе берді.
Өйткені, соңғы кездері
Өмірге осындай жүйе келді.
Дегені болмаса,
Сыйлықты алып қойды,
Бұрынғы айқайы далбаса,
Есек Есек күйінде қалып қойды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқамақ

  • 0
  • 0

Ел билеген бір бастық,
Жүрді зор боп дүр бастық.
Түкірігі жерге түспеді,
Өз білгенін істеді.

Толық

Жебірлер

  • 0
  • 0

Ауызы тыным таппаса,
Арты да тыным таппайды.
Ертеңін ойлап жатпаса,
Ондайды кімдер жақтайды?

Толық

Есек пен тұлпар

  • 0
  • 0

Ерте, ерте заманда,
Мынау жалпақ ғаламда
Тату екен, дос екен
Жан-жануар, бар аңдар.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар