Өлең, жыр, ақындар

Шапанның шағымы

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1190
Қазақ салтында салмақты,
Шапан едім ардақты.
Құрметті қонақ келсе көбіне,
Отырғызып төріне,
Барынша сыйлап бағатын,
Иығына мені жабатын.
Қонақтың да көтеріліп көңілі,
Марқайып қалатын.
Мені үстінен тастамай киіп жүретін,
Мәртебесі өсіп, биік жүретін...
Кейде екі ауылдың арасында,
Мал не жесір дауы таласында,
Жеңілген жақ жеңген жақты
Мойындап нақты,
Астына ат мінгізіп,
Үстіне Шапан кигізіп,
Шығарып салатын,
Сонымен дау біте қалатын.
Ал, қазір олай емес,
Жаңа дәстүрді түсіну оңай емес.
Шапан дегенің ермек болды,
Шампан дегенің кермек болды.
Шапан деген атым қата болды,
Бағам жәй ғана мата болды.
Тойға келген қонақ болсын,
Атақ-даңқы зор-ақ болсын.
Мейлі, министр, ойшы болсын,
Мейлі, қарапайым қойшы болсын,
Иығына Шапан жабады,
Шапан кигізді деген атақ алады.
Шапан алған адам оны санап киеліге,
Үстінен тастамай киеді ме?
Үйіне бара лақтырып тастайды,
Басқа тойда басқа айлаға бастайды:
Сөздің тауып жүйесін,
Мадақтап той иесін,
Ұмыт қалған қашанғы,
Біреу кигізген Шапанды
Иығына жаба салады,
Көңілін таба салады...
Иә, оған сол жерде,
Сый-сияпат мол жерде
Бірнеше Шапан жабылар,
Өзге де қолдаушылар табылар.
Бірақ, бірақ, қатарға
Қосылып жатқан Шапан ба?
* * *
Қастерлі Шапан едім бір кезде,
Бөздік құным жоқ бұл кезде.
Қадірлеп кимесе бір күн де,
Не қасиетім бар бұл күнде?
Нақты айтқанда, қазақты жәй
Бұлайша мазақ қылмай,
Шапан жабу дегенді қою керек,
Бұл дәстүрді біржола жою керек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңаөзен – жаңа кезең

  • 0
  • 0

Тоқ бола ма, аш бола ма?
Өзіне адам қас бола ма?
Ана емшек береді ме,
Жыламаса, жас балаға?

Толық

Топ-топ, балақан

  • 0
  • 0

Біздер – үйдің гүліміз,
Біздер – үйдің күніміз.
Ата-анаға қуаныш,
Біздің әсем үніміз.

Толық

Арыстан мен тышқан

  • 0
  • 0

Арыстаннан Тышқан жайлап сұрады,
Жақынырақ қонса екен деп тұрағы.
Және айтты: «Тұрғанда ну орманда,
Атақ, даңқың кем емес,

Толық

Қарап көріңіз