Өлең, жыр, ақындар

Есектің есебі

  • 11.08.2019
  • 0
  • 0
  • 792
Кейбіреу Есекті Есек дейді,
Есеп білмейді деп есептейді.
Өйткені, дипломы жоқ оқып шыққың,
Бірақ та бар қулықты тоқып шыққан.
Бастық та емес,
Басбух та емес,
Бар болғаны сыра сатады,
Сыра сатқанда қыра сатады:
Бокалға орта құйып,
Газ беріп, жорта құйып,
Лепіртеді, Көпіртеді,
Пайданы өкіртеді.
– Мұның не? – дегендерге,
Есекең бөгелген бе?
– Алдыңғы тұрғаныңа
Толтырып құяр-ақ ем,
Ал, артқы тұрғаныңа
Жетпесе, ұялар ем, –
Деп жауап қайтарады,
Бұған кім дау айта алады?
Есектің мұрнынан құрт домалайды,
Тағасын алтынмен тағалайды.
* * *
Осы сынды Есектер
Өзін дана есептер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреулердің қайғысын

  • 0
  • 0

Біреулердің қайғысын
Ұғынбайды біреулер.
Ашпайды бар жайды шын
Көңілдері жүдеулер.

Толық

Жалбарыну

  • 0
  • 0

О, Алла!
Алла, Алла!
Ғұмырымды жалға,
Жылжыт мені алға,

Толық

Тамылжыған табиғат

  • 0
  • 0

Тамылжыған табиғат –
Тіршіліктің тірегі.
Жоғалады жамиғат,
Соқпай қалса жүрегі.

Толық

Қарап көріңіз