Өлең, жыр, ақындар

Түлкібұлаң

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1441
Сатушы Түлкі болды,
Алушы жұрты болды.
Жасырған сөре астында
Көл-көсір мүлкі болды.
Қоян кеп сәбіз сұрады,
Маймыл кеп сағыз сұрады.
Түлкі айтты:
– Түспей тұр-ау,
Болуы парыз, шырағым.
Елік кеп шай сұрады,
Борсық кеп май сұрады.
Түлкі екең:
– Түспей тұр, – деп,
Құлағын қайшылады.
Қабан кеп нан сұрады,
Аю кеп бал сұрады.
Қомағай Қасқыр келіп,
Жая мен жал сұрады.
Түлкі тым ерке болды
Жауабы келте болды:
– Еш нәрсе түспей тұр, – деп,
Сөйледі серпе қолды.
Дүкеннің тесігінен,
Бірде артқы есігінен
Зытыртып жатты бәрін
Өзінің шешімімен.
Арттырып Арыстанды,
Қарқ қылды таныстарды.
Бірақ та, бұл құрметтен
Басқалар алыс қалды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсату

  • 0
  • 0

Көктемгі құлпырған егінді
Көрікті күй беріп далаға, –
Жарысып ойнаған көңілді
Ұқсатам балдырған балаға.

Толық

Өмір машинасы

  • 0
  • 0

Өмірді өзегінен қозғайтұғын,
Таппайтын тетіктері тозба тыным,
Көргенде машиналар тізбектерін,
Жан қайда жаны лаулап қозбайтұғын?

Толық

Торғай

  • 0
  • 0

Торғай, торғай, торғаймын,
Сені қалай қорғайсың?
Анаң менің көк құшып,
Жемін іздеп, кетті ұшып.

Толық

Қарап көріңіз