Өлең, жыр, ақындар

Көмек

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1180
Колхоздың сырдаң жастары,
Қосылмас тіпті бастары:
Біреуі қашса далаға,
Кетеді бірі қалаға.
Біреуі күйбең күйге еніп,
Кетеді бірі үйленіп.
Ат, ауылда қалған кім?
Атқа мінер жандар кіл:
Бухгалтер, кассир, есепші,
Өлеңге, биге жетекші.
Дүкенші, шофер, қоймашы,
Кім қалды сонда, ойлашы?
Көкөніс пісіп жаз шыға,
Ауылда қалған басшылар
Iс: істер таппай жан адам,
Шақырды көмек қаладан.
Бір қауым халық кеп түсті,
«Кәнеки тамақ?» – деп түсті.
Жөндірек болмай завтрак,
Қызбады жұмыс қаттырақ.
Қиярға тойып алдымен,
Бір-екі сағат алды дем.
Ашылып содан тәбеті,
– «Кәнеки, – деді, – әбеті?».
Қып-қызыл ащы борщты
Құмарта ұрттап, мол ішті.
Содан соң бастап жұмысты,
Теруге қайта кірісті.
Помидор жерде домалап,
МЫЖЫЛЫП жатты:
Обал-ақ!
Үзілді қызыл, көгі де,
Аралас кетті көбіне.
Көмекші қауым аздан соң,
Бойларын біраз жазған соң,
Бір-бірін қуа жөнелді,
Қызыққа әбден кенелді.
Картопты ауыр оқ қылып,
Пиязды тәуір доп қылып,
Найза қып өткір сәбізді,
Қарбыздың «көзін» ағызды...
Жұмысты солай «қатырып»,
Ұяға күнді батырып,
Отырды енді ужинға,
Ойлашы –
Ужин нужен ба?
Шошыма, дос, шошыма,
Өзгеге сенсең –
Осы да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақстан – бір отан

  • 0
  • 0

Кей басшылар бөседі,
Бөскенде не деседі?
Өздерінше бағалар
Жеңістерді кешегі:

Толық

Мезгілсіз қонақтар

  • 0
  • 0

Ұйқасшылдың үйіне
Барған едік үйіле.
Бірақ та, оның ойлары
Прозамен, өлеңмен араласып қайдағы,

Толық

Қыз деген нәзік болсайшы

  • 0
  • 0

Қыз деген нәзік болсайшы,
Жаны кең жазық болсайшы.
Жігіттің үміт күніне
Айланар қазық болсайшы.

Толық

Қарап көріңіз