Өлең, жыр, ақындар

Сарқырама мен бұлақ

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1216
Сарқырама жатты ағып, шағылысып шуаққа,
Емдігі бар қастерлі былай деді Бұлаққа
(Тас астынан шылжырап жайлап қана ағатын,
Бірақ, оның аты шыққан емді деп):
«Неткен ғажап? Суың да мол емес көз салатын,
Көрем, бірақ, келіп жатқан елді көп,
Түсінбеймін соны шын,
Неге сені ұнатады ел?» «Ем үшін», –
Деді бұлақ мөлдіреп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өздерінен үйренгем

  • 0
  • 0

Қыздар қанша сүйгенмен,
Сөздеріне нанбаймын.
Өздерінен үйренгем,
Мен де өздерін алдаймын.

Толық

Ана тілім

  • 0
  • 0

Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Өзге тілге шырмалып,
Адасасың бірге сен.

Толық

Болмаса егер жанашыр сүйенішің

  • 0
  • 0

Болмаса егер жанашыр сүйенішің,
Түрткі көріп әр жерде-ақ күйеді ішің.
Әлін білмес әлек деп әжуа етер,
Жасай қалсаң жөнсізге жүйелі сын.

Толық

Қарап көріңіз