Өлең, жыр, ақындар

Шегіртке мен құмырсқа

  • Bain
  • 27.04.2015
  • 2
  • 11
  • 128963
(И. А. Крыловтан)

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
= Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!

Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?

Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!



Пікірлер (11)

мадина

маған Абай Құнанбайұлының аудармалары ұнайды рахмет

Гулдана

Абай өлеңдері жаттауға оңай. Рахмет

НАЗЕРКЕ MISS

Менің бұл өлеңде түсінгенім балаларды еңбекке,жақсы жолға түсуге, жалқаулықты бір жолада ұмытсын деген мағынада екен

Сандуғаш

Бұл өлеңдер керемет екен

Ернар Айдар

Мен де шегірткемін

Оля

Абай Құнанбайұлының Шегіртке мен құмырсқа өлеңі мағыналы екен

Ләйла

Күшті өлең как раз жаттауға керек еді

Ер

Қыйын

Супер

☠ ✴️ ⭐️ ✳️ Супер

Қасым Мадина

Маған Абай Құнанбайұлының өлең мысалдары ұнайды❤️

Қасым Мадина

Маған Абай Құнанбайұлының шығармалары,өлеңдері,мысалдары қатты ұнайды.

Пікір қалдырыңыз

Онегиннің Татьянаға жазған хаты

  • 2
  • 0

Құп білемін, сізге жақпас
Ескі жара білтелеу.
Ақ жүрегің енді ұнатпас,
Мезгілі жоқ қай медеу?

Толық

Көңілдің күйі тағы да

  • 1
  • 1

Көңілдің күйі тағы да
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағына,
Нәпсінің сынған қайғысын.

Толық

Кешегі Оспан ағасы

  • 0
  • 0

Кешегі Оспан ағасы
Кісінің малын жемепті.
Мал сұраған кісіге
Жоқ, қайтемін демепті.

Толық

Қарап көріңіз