Өлең, жыр, ақындар

Өрмекші мен ара

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1070
Болмаса одан пайда егер,
Ел қызығын көрмесе,
Ондай талант керек емес ендеше.
* * *
Жәрмеңкеде мата сатты Саудагер;
Заттары оның болды сондай өтімді,
Тәңіріне шын риза секілді.
Алушылар келе берді кезекпен,
Бірін-бірі жатты кейде өзектеп.
Тұрған кезде қолы жүріп ерлеп шын,
Іші тар бір Өрмекші
Саудагердің табысына қызығып,
Ол да мата сатқалы,
Мол пайдаға батқалы,
Терезеге құрды өрмегін сызылып;
Содан тынбай түні бойы тоқыды.
Заттарымды таңдана
Көрсін деп ел, паңдана,
Ертеменен дүңгіршекте отырды.
Ойлады ол: біраздан соң күн шыға
Алушылар ұмтылар деп құлшына.
Күн де шықты. Өрмекшіміз сол әлгі
Сыпырылып жоғалды.
Былай деді ол шилығып:
«Осы ма еді күткен әділ сыйлығым?
Көрсін әлем, кімнің жұқа матасы,
Дұрысын ел атасын».
«Ол сенікі, одан жұқа қайда бар? –
Деді Ара, – бұрыннан да белгілі,
Кимесе егер ел мұны,
Матаңнан не пайда бар?»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайна жаным, жайна

  • 0
  • 0

Алтын таңым, ғашық әнім,
Жайқатылған жасыл бағым.
Бір өзіңе асығамын,
Менің асыл жаным.

Толық

Ұйықта, бөпем

  • 0
  • 0

Күлкің сенің таң нұрындай арайлы,
Тереземнен сәуле болып тарайды.
Мойныма сен еркелеп кеп асылсаң,
Болашағым бақытымдай қарайды.

Толық

Емделіңдер, адамдар

  • 0
  • 0

Өмірге келгелі
Бұл жұмыр жердегі
Білмедім, көрмедім
Дені сау пендені.

Толық

Қарап көріңіз