Өлең, жыр, ақындар

Кемпір мен қызметші қыздар

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 935
Болды кемпір мазасыз да сабырсыз,
Жүре алмайтын дабырсыз.
Қызметші екі қызы бар еді,
Жіп иіріп ұзақ күнге тынбайтын.
Шығып әбден әлегі,
Еш үзіліс қылмайтын,
Мейрамда да құлшынып.
Кемпір жанды алатын,
Сәл тоқтаса, айқайға кеп салатын.
Ерте тұрып үлгерместен күн шығып,
Сол қыздардың зырылдайтын ұршығы.
Кейбір кезде қалса кемпір кеш тұрып,
Оятатын антұрған бір әтеші.
Сонда кемпір киіне сап тез тұрып,
Түзетуге қатесін,
Пештің отын үрлейтін.
Тыныш жатқан қыздарға кеп күңкілдеп,
Тарамыстай қолмен түртіп біртіндеп,
Не таяқпен зіркілдеп,
Ұйқыларын бұзып тәтті, тұр дейтін.
Қарсыласпай онымен,
Бейшаралар амалсыздан жиналып,
Жылы төсектерімен
Қоштасатын қиналып.
Келер таңда әтеш тағы шақырып,
Сол ертегі басталады қайтадан.
Тағы ояну, тағы азап шайқаған:
«Ой, оңбаған мақұлық! –
Дейді қыздар қапаланып, сұрланып, –
Тауықсыз да таң атпай ма нұрланып?
Антұрғансың анық бір!»
Қыбын тауып ақырында аяусыз,
Сол қораздың басын жұлып алапты,
Бір жеңілдік күтіп одан қаяусыз.
Күткендері сондағы
Кері кетіп, оңбады:
Шындығы сол, енді әтеш ән салмады –
Сөйтіп, зұлым көз жұмды;
Кемпір текке өлмесін деп мезгілді,
Қыздардың кеп ілдірместен көздерін,
Әр күн сайын ерте оятты өздерін,
Бұдан ерте әтеш те әнін салмаған;
Қыздар-дағы кейін барып аңдаған,
Оттан қашып, нағыз жалын қармаған.
* * *
Кейбір адам қиындықтан қашам деп,
Осындай бір оқиғаға тап болар.
Ептілікпен еркін аяқ басам деп,
Ауырлықты арқалайтын шақ болар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маса мен малшы

  • 0
  • 0

Ұйқтап жатты Малшы сеніп төбетке;
Бұта ішінен жылан шығып кенеттен,
Соған қарай бет бұрды;
Өлер еді Малшыға ол төксе уды.

Толық

Қазақ тілім

  • 0
  • 0

Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!

Толық

Ақ пейіл аңқылдаған адамдар-ай

  • 0
  • 0

Ақ пейіл аңқылдаған адамдар-ай,
Бір табан жақындаңдар маған қарай.
Ұғыңдар пенделіктің салқыны деп,
Өткізсем ойсыз күндер алаңдамай.

Толық

Қарап көріңіз