Өлең, жыр, ақындар

Сүңгуірлер

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 980
Күдікшіл бір патша бопты бұрында:
Жүректі езіп, аяқ-қолды байлаған,
Қарап тұрсаң, зиян көп-ау пайдадан
Ғылымда.
Қайтер еді, болар ма еді жағымды,
Қуса егер елінен бар ғалымды?
Асылменен безендіріп тағын кіл,
Іштей ғана халық қамын ойлады.
Алайда ол үшін,
Тигізіп қол ұшын,
Нақтылы ешкім іс тындыра қоймады –
Салым, сауық... Бірде кеңес шақырды:
Келген жандар сабыр сақтап салмақты,
Мәселеге ой жүгіртіп жан-жақты,
Бар не жоқ деп айтса сөзін ақырғы:
Ғалымдар бұл елге еңбек етсін бе?
Не болмаса патшалықтан кетсін бе?
Кеңес қалай талдағанмен бұл істі,
Өзінше әркім дауыс беріп тырысты;
Енді бірі хатшы атынан көрінді,
Ешбірі де пікір айтпай дұрыс бір,
Тұмандатты патша ойын сенімді.
Енді бірі оқымаған түн деді,
Егер Құдай ой бермесе іргілі,
Ашпас еді аспан дене сырлырын;
Тілеп еді ол қашан
Адамдардың әрқашан
Тілсіз аңнан төменірек тұрғанын.
Сондықтан да, алда болып басқадан,
Білім бізді тек бақытқа бастаған.
Енді біреу төндірді –
Білімді боп халық нені өндірді?
Барлық ғылым былжырақ,
Ой мен сана тұнжырап,
Көп патшалық құлаған деп сендірді.
Қысқасы, екі жақтағы
Сөйлетіп сан сабазды,
Жаздырып сан қағазды,
Ғылым жайлы дұрыс шешім таппады,
Мұнымен тынбай, патша әрі аттады:
Ойлылардан шақырып ап жиынды,
Ғылым жайлы талқылауды бұйырды.
Бірақ, ол да болмай шықты тиімді,
Төлегенмен сол үшін көп тиынды:
Келмеген соң тұжырымды ойға бір,
Болып шықты оларға шын қойма бұл;
Ерік берсе бәріне,
Сөзді созып әріге,
Ақша алмақшы әлі де.
Қылығына қарап бұл,
Патша олрды тез арада таратты.
Әйткенімен, арылмай сол күдіктен,
Бірде тысқа шаға қалды үмітпен.
Әппақ қудай сақалы
Көрді кенет кітабы бар атаны,
Көп кешікпй тақуа да тақалды.
Сабырлы да салмақты екен қызығар,
Қайырымды түр-түсі,
Езуінде әдемі бір күлкісі,
Маңдайында терең ойдың ізі бар.
Патша қозғап тақуаға жалпы істі,
Білді ойының екендігін қиянда.
Дәл шешуін өтінді осы айтысты:
Білім елге пайдалы ма, зиян ба?
«Патша, – деді ол, – жауап беріп байқайын,
Бір өсиет айтайын,
Көп пайымнан жүруші еді қиялда».
Бастап кетті ойын түйіп анық бір:
«Жағасында теңіздің
Болыпты бір балықшы.
Өмір бойы жоқшылық пен езіп мұң,
Өлгеннен соң үш ұл қапты тізбекті.
Бірақ, олар еп көріп,
Балықты аумен сүзбепті.
Әкесінің бұл кәсібін жек көріп,
Көк теңізден басқа байлық іздепті:
Лағыл, маржан керегі.
Жүзу, сүңгуді үйреніп,
Кереметтей күйге еніп,
Теңізге олар келеді.
Үшеуінің үш түрлі-тін икемі:
Жалқау еді үлкені,
Қыдырумен өткізді көп күндерді,
Тіпті, аяғын сулауды да мін көрді,
Маржан өзі шығады деп жүрген-ді.
Толқындардан тосып жай,
Жалқаулықпен осындай
Әрең-әрең күн көрді.
Екіншісі шошынбай,
Күшін төгіп әрдайым,
Біліп судың мән-жайын,
Сүңгіп жүрді дегенмен,
Маржан іздеп тереңнен;
Күннен-күнге түзей түсті ол жағдайын.
Үшіншісі болатұғын басқарақ,
Байлыққа тым ашқарақ:
Жақын жерден маржанды тез табуға болса да,
Текке күтіп отыру қолайлы емес оншама, –
Деді, – ерлік етсем мен,
Теңіздің ең тереңіне жетсем мен.
Онда байлық жатқан шығар үйіліп,
Лағыл, маржан, жақұт тастар жиылып.
Жете қалсаң, ал егер,
Ала бер!»
Осы ойға берілген сол әуейі,
Көк теңізге жетіп барып әдейі,
Таңдап жүріп тереңіне үңіле,
Иірімге секірді, жұтып қойды оны жым,
Жетпей теңіз түбіне,
Есерлікпен қиды өзінің өмірін.
«Уа, патша, – деді сонда дана шал, –
Білімдіден байлық көзі қашпайды,
Өрескел ой иірімге бастайды,
Арты апат – қарасаң.
Ондай адам өзі кетпей жөніне,
Басқаларды бірге әкетер көбіне».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Директор туралы деректер

  • 0
  • 0

Басшыларға жағынып жүріп,
Барын беріп, жалынып жүріп,
Бәкең білдей директор болды,
Директор емес, ерек пір болды.

Толық

Қасқырдың монологы

  • 0
  • 0

«Адам мені Қасқыр деп,
Қас албасты басқыр деп,
Қатал үкім шығарған:
Қасқыр көрсең, басқа ұр! – деп.

Толық

Қайран заман-ай

  • 0
  • 0

Не жетсін алтын өмірге,
Сайран заман-ай.
Не жетсін жарқын көңілге?
Отырайықшы әр үйде,

Толық

Қарап көріңіз