Өлең, жыр, ақындар

Бүркіт пен өрмекші

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1028
Самғап Бүркіт батырың,
Бұлттан биік Кавказдың бір шыңына,
Қонды-дағы кәрі ағашқа ақырын,
Төмен жақтың көз салды ой-қырына.
Ағып жатыр өзендер де өр үнді.
Орман, тоғай, анда гүл,
Барлық жерде көк ізі,
Анда Каспий теңізі
Қараяды қанатындай қарғаның.
«Жаса Зевс! Билей тұрып әлемді,
Қанат бердің маған ұш деп, ал енді.
Асу бермес заңғарыңды көрмедім, –
Деді Бүркіт, – өтем бәрін қиып мен.
Қызықтаймын әлемнің бар өрнегін
Ешкім жетпес биіктен».
«Тіпті, орынсыз мақтанасың, шамасы, –
Деді Өрмекші бір бұтақтан киіп кеп, –
Сенен төмен отырмын ба, қарашы?».
Көрді Бүркіт, сәл өзінен жоғары
Өрмекші отыр, торын құрып ол әрі.
Өнерін асырмақ,
Күннің көзін Бүркіттен ол жасырмақ.
«Қалай шықтың, шырағым? –
Деп қыран құс сұрады, –
Сенгенімен қанатына, әліне,
Жетпес мұнда құс біткеннің бәрі де.
Қанатың жоқ, жеттің бе әлде жорғалап?»
«Ұшып әуре болмас ем».
«Қалай жеттің онда сен?»
«Жабысқанмын жолда мен,
Алып шықтың құйрығыңмен қорғалап.
Енді мұнда тұра аламын сенсіз де,
Мықтымын деп бөсе беру жөнсіз де,
Әтпесе мен...» – дей бергенде ісініп,
Өрмекшіні кетті құйын ұшырып.
* * *
Бұл өмірде адам аз ба алжасып,
Өрмекшідей бөсетін,
Бейнетсіз-ақ өсетін,
Мықтылардың құйрығына жармасып.
Биігірек көтерілсе болғаны,
Бүркітпін деп ойлайды,
Өрмекшідей тордағы
Сәл самал да оны ұшырмай қоймайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шынарына жеткендей биік таудың

  • 0
  • 0

Шынарына жеткендей биік таудың,
Мен өзіңді өмірлік сүйіп қалдым.
Сен де мені бағалай білем десең,
Сонда ғана балбырап ұйықтармын.

Толық

Сұлулар

  • 0
  • 0

О, сұлулар, сұлулар,
Жүздеріңде жылу бар.
Күлкілерің құдірет –
Көңілді тез бұру бар.

Толық

Болаттың әдеті

  • 0
  • 0

Ауылға келсе атты адам,
Тұп-тура соған беттейді.
Сол үшін ұзап қақпадан,
Сол үшін Болат кетпейді.

Толық

Қарап көріңіз