Өлең, жыр, ақындар

Шабан мен жолаушылар

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 758
Күн төбеде зілдене,
Жүк артып бай үйіменен,
Төрт ат жеккен күймемен
Тырбанды.
Аттар шаршап, көтере алмай ұрғанды,
Тоқтап қалды. Түсті айдаушы жекіріп,
Таусып барлық шыдамын.
Соқты аттарды мырза екеуі екініп,
Басқалар да түсті арбадан секіріп:
Мырза әйелі, ұл мен қызы, мұғалім.
Арбаға артқан ауыр еді тегі жүк,
Тырбанғанмен қаншалық,
Аттар жылдам тарта алмады оншалық.
Кенеттен бір болды-дағы Шыбын тап,
Айналақтап кетпей қойды ызыңдап.
Әуре-сарсаң болады,
Кезек төніп қос атқа,
Бірде атшының орнына кеп қонады.
Бірде аттардан кетіп шет,
Адамдарды жағалайды жетіп кеп.
Жәрмеңкеде жүрген байдан аумайды:
«Маған көмек бермейді,
Ешкім көңіл бөлмейді», –
Деп тағы да заулайды.
Жолаушылар күймеге үнсіз ереді,

Мұғалім де әрең жүріп келеді.
Кетті мырза күтушімен тоғайға,
Жейтін бір дәм табу үшін қалай да.
Бәрін жалғыз істеп жақан өзім деп,
Ұшты Шыбын безілдеп.
Аттар бұл кез ыстық тері сорғалап,
Жетті тегіс жолға да.
«Уа, Жаратқан! – деді Шыбын зорлана, –
Бәрің-дағы күймеге енді тез қонғын,
Демалатын кез болды,
Талып қапты-ау қанатым».
* * *
Бұл өмірде жандар көп қой байқасаң,
Барлық іске араласып әрқашан,
Мен еттім деп кеуделерін қағатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған күн

  • 0
  • 2

Туған күнім – бақ күнім,
Туған күнім – шат күнім.
Сыйлайды дос, құрбылар
Қызыл гүлін, ақ гүлін.

Толық

Бәрін де шешіп қас қағымда

  • 0
  • 0

Бәрін де шешіп қас қағымда,
Бала мен байды тастадың да,
Ілесіп маған жүріп кеттің,
Бақытқа шексіз бастадың да.

Толық

Батыр Бауыржан

  • 0
  • 0

Кеудесінде керемет күш, намысы,
Алыс кеткен атағы мен дауысы.
Бауыржандай батыр ұлдар – мақтаныш,
Қазағымның қайталанбас арысы.

Толық

Қарап көріңіз