Өлең, жыр, ақындар

Маймыл

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1301
Мейлі қанша терлегін,
Жұрттан тілей көрмегін
Мадақ, алғыс, жақсы баға бергенін,
Зая кетіп жатса егер де еңбегің.
* * *
Ала таңнан тұрып ап,
Шаруа тыным көрмеді.
Етек-жеңін түріп ап,
Еңбегімен терледі,
Жан еді іске мығым-ақ.
Өткен жандар маңынан
Айтып жатты алғысын.
Маймылдың бұл шоқ түсіріп жанына,
Қоздырды тек мақтан сүйгіш намысын.
Іс етпек боп Маймылдан шын ес кетті,
Әуреленді тауып алып кеспекті.
Тапты өзіне бейнетті,
Бір басына мол жетті:
Бірде арқалап дөңбекті,
Құшақтап та байқады.
Домалатты қайта бір,
Өзен болып бейшарадан тер кетті.
Ақырында әлі бітті болбырап,
Мақтау сөзді естімеді ол бірақ.
Ғажап емес, жарығым,
Еткеніңмен көп еңбек, бос кетуі бәрінің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табиғат пен көз

  • 0
  • 0

Табиғат бір тұрған еді құлпырып:
Көкті тіреп таулары,
Жайқатылып баулары,
Бел-белесте гүл тұнып.

Толық

Өмір дәрі

  • 0
  • 0

Қалқып ішсең –
Өмір дәрі.
Шалқып ішсең –
Көңіл дәрі.

Толық

Батыр Бауыржан

  • 0
  • 0

Кеудесінде керемет күш, намысы,
Алыс кеткен атағы мен дауысы.
Бауыржандай батыр ұлдар – мақтаныш,
Қазағымның қайталанбас арысы.

Толық

Қарап көріңіз