Өлең, жыр, ақындар

Инелік пен құмырсқа

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5129
Селтеңдеген Инелік
Жазды өткізді сайрандап;
Қарайды енді қайран қап,
Суық күзден именіп.
Дала қурап, семді шөп,
Жарқын күндер енді жоқ.
Жапырақ жақсы сый еді,
Әрі тамақ, үй еді.
Суық қыс кеп, бәрі өтті:
Жоқтық тартып шалғайдан,
Енді Инелік салмайды ән,
Аш қарынның зары өтті.
Қайғы буып шаттығын,
Құмырсқаға шақты мұң:
«Мейірімің мәлім-ді,
Жинайын күш-әлімді.
Жаз шыққанша күліп күн,
Тамақ беріп жылытқын».
«Қиын екен жағдайың,
Не бітірдің жаздайын?» –
Деді Құмырсқа күліп бір.
«Қызық қуған кез бір бұл:
Мамық төсек – көк шалғын,
Ән салумен өтті әр күн,
Бас айналып, көз тұнды!».
«Ах, солай ма?» «Тап солай,
Ала жаздай ән салғам».
«Әнші болсаң, бар, қалқам,
Билей бергін тоқтамай!»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ит

  • 0
  • 0

Сотқарлау бір Иті болды мырзаның,
Көрмеді ол жоқшылықты бір мысқал.
Басқа Ит мұндай тұрмысқа
Білдіріп шын ырзалық,

Толық

Ұсыныс

  • 0
  • 0

Атышулы Құрым
Айтып барлық сырын,
Ғашығына хат жолдады:
«Сәулем, саған тап болғалы,

Толық

Үйрену

  • 0
  • 1

Ұзын құйрық инелік,
Инелікке тимелік.
Ұшақтарды жасадық
Инеліктен үйреніп.

Толық

Қарап көріңіз