Өлең, жыр, ақындар

Иттердің достығы

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1494
Асханаға жақын беріп бүйірді,
Барбос, Полкан жатты күнге жылынып.
Күзетуге үйіңді
Болғанымен тиімді,
Тоқтықтары білініп,
Моп-момақан түрде бір
Ешкімге олар үрмеді,
Ақырындап келді өзара тілге бір,
Әрбір жайттан келістіріп сөз бабын,
Жақсы-жаман достықты да қозғады:
«Оған баға, – деді Полкан, – жетер ме,
Достық жүрек бірге соқса егерде?
Бір-біріне қайыр-көмек қыла алса,
Бірге ас ішіп, бір-бірінсіз жатпаса,
Бірін-бірі қорғап дәйім жақтаса,
Досқа солай тура қарап тұра алса,
Бақытты бір сондай сәттер тыңайса.
Досың үшін жинап қойып барлығын,
Көтеретін көңілді не нәрсең бар, сал бүгін!
Мысал үшін айтар болсақ былайша:
Достығымыз нығайса,
Еркін өмір сүріп-ақ,
Уақыт тез өтер еді зымырып».
«Міне, нағыз ғұмыр-ақ! –
Деді оған Барбос та, –
Жан ауыртқан жан дос па?
Ит болсақ та бір қораға қарас біз,
Күніміз жоқ талассыз.
Не жетпейді? Қожа мырза тегінде:
Тамақ та мол, орын кең.
Қарап тұрса, ұят тым:
Төбеттердің достығы бұрыннан-ақ белгілі,
Адамдардай айнымас бірлігіміз ендігі
Көрінбейтін сияқты».
«Бүгін оны танытамыз, шыны сол, –
Деді Полкан, – Қолыңды әкел!» «Міне, қол!»
Жаңа достар аймаласты, түйісті,
Сүйісті,
Ақтарылды жақсы сөздер тиісті:
«Оресімсің!» «Пиладым!» Мұндай достық болар ма?
Сол кезде аспаз бір сүйек тастап еді оларға,
Жаңа достар жанталаса ұмтылды,
Кеңес, келіс қайда әлгі?
Жүн түтіліп, езулері жыртылды,
Пилад, Орест бастап қызу майданды,
Ақырында әрең берді араша.
* * *
Мұндай достық өмірде көп қараса,
Олар жайлы айта бергін тосылмай.
Айрықша бір айырмасы болар ма?
Көп пенденің достығы да осындай,
Сүйек тастап байқасаң, ит секілді олар да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еріншек

  • 0
  • 0

Сұрады інім тамақты,
Ұсынды анам табақты:
– Ауыз үйге бара ғой,
Өзің құйып ала ғой.

Толық

Қызғалдақтың түсі

  • 0
  • 0

Қыр астына күн батты,
Қауашағын гүл жапты.
Қара құс боп түн келді,
Түс көреді гүл де енді.

Толық

Мәңгі бейне

  • 0
  • 0

Мәңгі бейне жайында
Атам айтқан аңызды.
Мәнді сөзді пайымда
Салмақты да маңызды.

Толық

Қарап көріңіз