Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр мен қозы

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1536
Күшті алдында әлсіз дәйім айыпты,
Ондай істі тарихтан көп көреміз
Бірақ, оны біз жасайды демеңіз:
Ал, мысалға құлақ салшы байыпты.
* * *
Қозы шөлдеп, су ішуге кеп еді,
Бәле қайдан демегін.
Сол маңайда бір аш Қасқыр жүр еді,
Ұмтылды ол Қозыны тез жегелі.
Бірақ, заңды сөз айтқан боп бұл енді,
Ақырды: «Сен тұмсығыңмен былғаныш
Мөлдіреген тұнбамды
Былғадың,
Оңбағандық бұл нағыз!
Деймін-дағы басынды,
Жұлып алам басыңды!»
«Түсінем ғой Сіз секілді асылды,
Жүз қадамдай төменірек түсейін,
Рұқсат болса, сол жерден-ақ ішейін,
Бір жолыға қойыңызшы ашуды:
Сіздің суды былғай алман мен мүлде».
«Сонда, алдамшы менмін бе?
Не былжырап оттап тұрсың, оңбаған!
Арғы жылы осы жерде сен маған
Дөрекілік көрсеткенің есімде,
Ал, бұл жолы кешірмен!»
«Кешіріңіз, жыл толған жоқ туғалы».
Деді Қасқыр: «Онда ағаң болғаны».
«Ағам жоқ қой». «Құдаң шығар онда бір,
Кім де болса, әйтеуір бір туғаның.
Өзің, малшың және иттері қырағы,
Ойлап маған арамдық,
Қолдан келсе, жасайсыңдар жамандық,
Сенен алам барлық ашу, ызаны».
«Жазығым не?». «Өшір енді үніңді!
Ақ-қараңды талдауға жетер емес төзімім,
Жегім кеп тұр, айтар болсам шынымды» –
Деп, тоғайға сүйреп кетті Қозыны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есек пен мұжық

  • 0
  • 0

Мұжық жазда егінге
Бір Есекті жалдады.
Жолатпау ғой құс біткенді тегінде,
Ұқты Есек істер ісін алдағы:

Толық

Жаңа жыл есік ашты

  • 0
  • 0

Жаңа жыл есік ашты шырайланып,
Басынан шыршалардың шыр айналып.
Белеңдер басып өткен былай қалып,
Келер күн құшағына жыр айналып,

Толық

Қараторғай

  • 0
  • 0

Әркімге сай дарын бар,
Бетке ұстап өзге атағын барымдар,
Баратын да залым бар
Білмейтұғын жұмысқа.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер