Өлең, жыр, ақындар

Қайран өмір қас қағым

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3490
Қайран өмір қас қағым –
Көзді жұмып-ашқаның.
Тірліктегі түк емес
Аяқты алшаң басқаның.
Алтын сарай салсаң да,
Аспағын да таспағын.
Жоқ болады бәрі де
Туған кезде басқа күн.
Қолдан келсе, өмірде
Өлмейтін із тастағын.
Жарамаса жиғаның
Кәдесіне басқаның,
Қараң қалар өлген күн
Тақымыңа басқаның.
Сондықтан да, бауырым,
Күйттей берме бас қамын.
Бұл жалғанда түк емес
Тоқсаннан да асқаның.
Қасіреті мың-белес –
Үзілгені жас жанның.
Кім де болса өлген күн –
Құлағаны аспанның.
Байлығымен басқа ұрып,
Сонда, өлімді басқан кім?
Сол өлмейді –
Еңбегі
Елге нұрын шашқанның.
Байлық үшін бес күндік
Иманыңнан қашпағын.
Бәрі өзгермек өмірде
Бір Алладан басқаның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Салмақты мен салмақсыз

  • 0
  • 0

Қатар ескен екі бидай сабағы
Масақтанып, қатқан кезде сағағы,
Тұрды бipi басын иіп төменге,
Екіншici кекірейе қарады:

Толық

Квартет

  • 0
  • 0

Есер Маймыл сормаңдай,
Есек,
Теке,
Және Аю қорбаңбай

Толық

Шындық пен өсек

  • 0
  • 0

Кісі сөзін кісіге
Таси көрме, қарағым.
Ізгі жанның ісі ме
Жігін ашу араның?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар