Өлең, жыр, ақындар

Барлық мадақ Аллаға

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3326
Иесі бар ғаламның,
Барлық мадақ Аллаға.
Алла деген адамның
Серігі иман қайда да.
Алла деген адамды
Алла дәйім жақтайды.
Көрсе-дағы жамандық,
Алла одан сақтайды.
Етсе де кім арамдық,
Алла одан ақтайды.
Алла деген адамды
Қауым болып мақтайды.
Ақ адамға қараулық
Күйесін еш жақпайды.
Аз жарақат жамандық
Тәнге дақ боп қатпайды.
Жасаған жан жамандық
Өзі опа таппайды.
Тіршілігін тәмам қып,
О дүниеге аттайды.
Жамандауға арамда
Тіл-ауызым батпайды.
Ондай арам адамды
Қоғам болып соттайды.
Кім жаны ашып жоқтайды?
Дей көрмегін тіршілік
Осылайша тоқтайды.
Бәйтерекке бүр шығып,
Өмір алға аттайды.
Алла деген ар болмас,
Ақыретте қор болмас.
Алланы ұмытқан адамның
Еш тілегі оң болмас.
Алла деген адамның
Серігі иман қайда да.
Иесі бар ғаламның,
Барлық мадақ Аллаға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен қалалықпын

  • 0
  • 0

Бозарып таң атқаннан таралып түн,
Оянам жан-жағыма қаранып мың.
Жүгірем жұртпен бірге газет алып,
Жаршысы болу үшін жаңалықтың, –

Толық

Ақын құдіреті

  • 0
  • 0

Алыстап кетсем,
Тауларым,
Мені іздеп көшіп кетердей.
Ауылым түгіл,

Толық

Таңым тамаша

  • 0
  • 0

Тамылжыған табиғат
Ұйқысынан оянып,
Алтын нұрмен әр үй, бақ
Шыға келді боянып.

Толық

Қарап көріңіз