Өлең, жыр, ақындар

Ақын – елдің еркесі

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 989
Ақын – елдің еркесі,
Ақын – төлдің серкесі.
Қайда барса, ақынды
Қарсы алады өлкесі.
Ақындарды кемсітіп,
Бейшара жан көрмеші.
Қанша мықты болсаң да,
Салқын сәлем бермеші.
Ақындардың көңілі –
Домбыраның пернесі.
Баса білсең дәл тауып,
Айқындалар зердесі.
Кім бар екен өмірде
Ақындардың теңдесі?
Керек емес ақынға
Дүние-мүлік, теңгесі.
Өле қалсаң, бәрі де
Бос қалады ертесі.
Ақындардың көңілі –
Домбыраның пернесі.
Баса білсең дәл тауып,
Айтар ойы көл-көсір.
Ардақтаған ақынын
Алға тартқан ел көші.
Ақындардың қашанда
Кең көсілген көрпесі.
Ақындарды өлсе де,
Аялаған жер төсі.
Бәрін айт та, бірін айт.
Ақын – Алла пендесі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге?

  • 0
  • 0

Неге, неге, неге?
Жаймашуақ жайдақпыз?
Жалтыр мұздай тайғақпыз?
Турасына келе,

Толық

Шынарына жеткендей биік талдың

  • 0
  • 0

Шынарына жеткендей биік талдың,
Мен өзіңді өмірлік сүйіп қалдым.
Сен де мені бағалай білем десең,
Сонда ғана балбырап ұйықтармын.

Толық

Мен өлсем...

  • 0
  • 0

Мен өлсем, жамағаттар, жиналмаңдар,
Мен үшін уақытша қиналмаңдар.
Біреулер жыламсырап сөз сөйлесе,
Егіліп тұр екен деп иланбаңдар.

Толық

Қарап көріңіз