Өлең, жыр, ақындар

Имандылық

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1744
Кейбір адам кенет өліп жатады,
Кейбір жастар ерте сөніп батады.
Кім де болса, жақсы жанның өлімі
Жан жылатып, қабырғаңа батады.
Дос-жарандар өлген жанның жақынын
Жұбатады айтып сабыр ақылын.
«Аллаға да жақсы адам керек қой,
Сондықтан да, алған шығар пақырын.
Өзі өлгенмен, өлмейтұғын ізі бар,
Ел есінде сақталатын ісі бар».
Ал, егерде, жасы жеткен жан болса,
Дейді: «Жалғас ұлы менен қызы бар».
Иә, өмірден ерте кетсе жақсылар,
Бұл пәниде еш күнәсіз пәк шығар.
Жақсыларды ерте кетер себебі:
Алдарынан жұпар шашқан бақ шығар.
Ерте орын ап қақ төрінен жұмақтың,
Дәмін татып мөлдір кәусар бұлақтың.
Деген шығар жаны нұрға бөленсін,
Шуағымен мәңгі сөнбес шырақтың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаңғыбас иттер

  • 0
  • 0

Қаңғыбас иттер қаптап жүр,
Қала көшелерін таптап жүр.
Ешбірінің иесі жоқ,
Жүрістерінің жүйесі жоқ.

Толық

Жезденің жетегінде

  • 0
  • 0

Бар еді досым жиырмадан асқан,
Диплом алып, алшаңдап басқан.
Ойнады-күлді, жыртаңдап жүрді,
Қаланы кезіп, қыз таңдап жүрді.

Толық

Ұстазым

  • 0
  • 1

Аялаған анашымдай мұғалімім,
Тұнып аққан мөлдір бастау бұлағыңмын.
«Бұлақ көрсең, көзін ашқын» деген халқым дана,
Ақылыңды айтқан тыңдай берем әр күн жаңа.

Толық

Қарап көріңіз