Өлең, жыр, ақындар

Оразаң қабыл болсын

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5110
Оразаң қабыл болсын, мұсылмандар,
Аллаға мойынды шын ұсынғандар.
Алла шын мейірімді, кешірімді,
Күпірлік жасасаңдар, қысылмаңдар.
Өмірде талай күнә жиғаның бар,
Ораза, намазың бар, иманың бар.
Аллаға шын ықылас ұйғарыңдар,
Бәрін де кешіреді, иланыңдар.
Айың бұл қасиетті Рамазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.
Бірі бұл мұсылмандық бес парыздың,
Күтесің мол мейірім бір Алладан.
Отыз күн оразаның сауабы мың,
Аспаннан ақ шұғыла жауады нұр.
Сыбырлап періштелер құлағыңа,
Жүрегің желкен болып қағады бір.
Сауабын оразаның білдің бе сен?
Бір күні қарапайым мың күнге тең.
Аллаға ақ пейілмен ниет қылсаң,
Болады жүмаққа еркін кірдім десең.
Ораза ермегі емес еріккеннің,
Немесе, бой көрсетіп желіккеннің.
Үмметі Мұхаммедтің болған күннен,
Мұсылман хақ жолымен келіпті елім.
Құдайға шүкір, содан мұсылманбыз,
Аллаға мойынды шын ұсынғанбыз.
Ақ көңіл, ақ ниетті, ақ тілекті
Аспанға көгершін ғып ұшырғанбыз.
Келеміз содан бері ақ жолымен,
Құранда көрсетілген хақ жолымен.
Ораза – тазарудың шын белгісі,
Бойдағы күнәлардың бар-жоғымен.
Оразаң қабыл болсын, мұсылмандар,
Аллаға мойынды шын ұсынғандар.
Алла шын мейірімді, кешірімді,
Күпірлік жасасаңдар, қысылмаңдар.
Өмірде талай күнә жиғаның бар,
Ораза, намазың бар, иманың бар.
Аллаға шын ықылас ұйғарыңдар,
Бәрін де кешіреді, иланыңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмбақ күшік

  • 0
  • 0

Көзін ашып алды да,
Қарады Алдан алдына.
Бір шалшыққа құлапты,
Ұзынынан сұлапты.

Толық

Балапан

  • 0
  • 0

Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Аспандағы айым деп,
Аймалайды жан апаң.

Толық

Таң

  • 0
  • 0

Шығыстан сәуле шашып таң келеді,
Тербетіп төсегінен жан денені.
Шырыдап шырқай ұшқан молдаторғай
Көңілге құйқылжыған ән береді.

Толық

Қарап көріңіз