Өлең, жыр, ақындар

Бәрін де шешіп қас қағымда

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1069
Бәрін де шешіп қас қағымда,
Бала мен байды тастадың да,
Ілесіп маған жүріп кеттің,
Бақытқа шексіз бастадың да.
Сәлемді бердің алдыменен
Анама елдің салтыменен.
Аруды сендей көрген кезде,
Қуанып қалды халқым ерен.
Анама ешкім жақпайтұғын,
Көңілін тіпті таппайтұғын.
Келіні болып шыға келдің,
Көтеріп көкке, мақтайтұғын.
Әкемді көрдің түсіңде сен,
Әппақ сақалды мүсінде әсем.
Суретіне иіліп сәлем бердің
Құтқана үйдің ішінде сен.
Жерімнің туған дәмін таттың,
Елімнің туған сәнін таптың.
Еркелігің мен еркіндікті
Жеңгелеріңе қабылдаттың.
Шырқатып шалқар шаттық әнін,
Қайындарыңа қатты ұнадың.
Біраз күн олар бірге болып,
Ақтарды жырдың ақ бұлағын.
Жамбылдың жерін араладың,
Жақсы-жаманын сараладың.
Ағайындарыма сыйлы болып,
Жоғары бәрін бағаладың.
Тәңірдей күтіп қарт енеңді,
Қадірің сенің арта берді.
Бәрінен бұрын, жаным менің,
Көтердің көкке мәртебемді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асыға берем

  • 0
  • 0

Өмірде менің көздеген
Шоқысы биік шыңым бар.
Жасырып жүрген өзгеден
Аяулы арман, сырым бар.

Толық

Бір күшік пен бір құрлық туралы ертегі

  • 0
  • 0

Түрлі-түрлі ертегі
Тұла бойды ерітеді.
Түні бойы тыңдаймыз,
Қасып қойып желкені.

Толық

Таңғы серуен

  • 0
  • 0

Таңертең жайланып,
Атыңа мінсең бір.
Аулыңның аймағын
Аралап жүрсең бір.

Толық

Қарап көріңіз