Өлең, жыр, ақындар

Сен болмасаң, кім болам?

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1353
Күлімдесең – күн болам,
Тұнжырасаң – түн болам.
Сен жоқ жерде, сүйіктім,
Мазам кетіп мұңданам.
Жадырасаң – жаз болам,
Жас балаша мәз болам.
Бойды бір күш билейді
Алаулаған, маздаған.
Қаһарлансаң – қар болам,
Тарылады бар ғалам.
Сенің жылы жүзіңді
Бір көруге зар болам.
Жүз танытсаң сыздаған,
Қатып қалған мұз болам.
Сонда-дағы өзіңді
Өзгелерден қызғанам.
Сен болмасаң, кім болам?
Жүнжимін де жүн болам.
Ақыл-есті жия алмай,
Аласұрам, жынданам.
Кей ісің жат тым маған,
Түтігем де тұлданам.
Айналып кеп бәрібір,
Арқандаулы құл болам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әдепті бала

  • 0
  • 2

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Толық

Мәңгі күдік

  • 0
  • 0

Атқызғанмен қаншама үміт таңды,
Керуендер қаншама тұрып қалды?
Қуанышты қаншама болғанымен,
Адамзаттың ғұмыры күдік мәңгі.

Толық

Ақ моншақты аруым

  • 0
  • 0

Еркелігің еліктің лағыңдай,
Көркемдігің көлдің көк құрағындай.
Мойынында мөлдіреп моншақтарың,
Көрген күннен арттырды құмарымды-ай.

Толық

Қарап көріңіз