Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жыл жыры

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3723
Жаңа жыл есік ашты шырайланып,
Басынан шыршалардың шыр айналып,
Белеңдер басып өткен былай қалып,
Келер күн құшағына жыр айналып.
Арайлы алтын нұрлы Күн, Айды алып,
Әр үйге, әр жүрекке ұнай қалып,
Жаңа жыл есік ашты шырайланып.
Жаңа жыл есік ашты үміт болып,
Жайраңдап босағадан кіріп келіп,
Таңдары тамылжыған тынық болып,
Кезіккен кейбір кірбің ұмыт болып,
Жанары жалындаған жігіт болып,
Көл-көсір қуанышпен күліп келіп,
Жаңа жыл есік ашты үміт болып!
Жаңа жыл есік ашты салтанат боп,
Мереке, мол мейірім, мархабат боп,
Базына, базарлығын арқалап кеп,
Әсерлі, әдемі бір ән-қанат боп,
Шуақты, шұғылалы шартарап боп,
Шарпыған шабытымен шалқалап кеп,
Жаңа жыл есік ашты салтанат боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жел мен жантақ

  • 0
  • 0

Бірде гулеп жел тұрып,
Екпіндей кеп ентігіп,
Жапандағы жантаққа
Былай деді желпініп:

Толық

Барлық бақыт сенің балғын басыңда

  • 0
  • 0

Барлық бақыт сенің балғын басыңда,
Барлық шабыт сенің шалғын шашыңда.
Сол заматта кәйіп болып қаламын,
Бір иіскесем бірге отырып қасыңда.

Толық

Қаншама жылдар өтсе де

  • 0
  • 0

Аялап сені келемін мен,
Жүзіңнен шуақ көремін мен.
Аялап мені сен де, жаным,
Күнімсің жарық бере білген.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар