Өлең, жыр, ақындар

Жыр жазады ақындар жиып есін

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 702
Жыр жазады ақындар жиып есін,
Жиып есін, селтеңнен тыйып өзін.
Жанұялы болған соң – кең ұялы,
Қара қамыт мойынға киінесің.
Ақын деген, әрине, биік есім,
Бірақ, оттың басында иілесің.
Қатын менен балаңды аш қалдырып,
Ренжіткің келмейді үй иесін.
Сондықтан да кейбір сәт күйінесің,
Шабытыңды шақырып, шүйілесің.
Бұрқыратып жазасың, шырқыратып,
Өлең мейлі иісін, иімесін.
Алатұғын осы ма сый-үлесім?
Жинағымды ұсынам жиі несін?
Болмаса, аға, жақсы жыр жазбаймын ба,
Аңсап-аңсап оқитын сүйіп өзің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Демалыс

  • 0
  • 0

Малынып нөсеріне қызыл нұрдың,
Қанымды қызу күнмен қызындырдым.
Теңіздің жағасында қалғып кеттім,
Әуені тербеп мылжың ұзын жырдың...

Толық

Әнші

  • 0
  • 0

Тұрып алаң-елеңде,
Болат басты ыңылға.
Әлде, жаңа өлең бе?
Түсінбедік шынында.

Толық

Санамақ

  • 0
  • 0

Бір – Құр.
Екі – Үкі.
Үш – Құс.
Төрт – Торт.

Толық

Қарап көріңіз