Өлең, жыр, ақындар

Қиядан қыстағыңа қарап келем

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 811
Қиядан қыстағыңа қарап келем,
Қашқалы қанша уақыт тағат менен.
Қасыңа қас қағымда-ақ барар едім
Қағатын болса ұшқыр қанат деген.
Қиядан қыстағыңа қарап келем,
Қозғалмай қойды-ау тегі сағат деген.
Қақпасы қайсы екен деп қалқашымның,
Қалқиған қораларды санап келем.
Қиядан қыстағыңа қарап келем,
Әне бір кім болды екен там әктеген?
Алыстан ақ балтырын жалт еткізіп,
Үйіне кіріп кетті-ау, қап, әттеген!
Қиядан қыстағыңа қарап келем,
Кеудемде тулайды бір қанатты өлең.
Қияннан күйіп-жанып жеткенімде,
Қарсы алсаң болды жылы қабақпенен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туыстар

  • 0
  • 0

Қандала мен Тарақан
Басын қорғап қарақан,
Қараңғыда безіп жүріп,
Үйдің ішін кезіп жүріп,

Толық

Егерде тағдыр күшімен

  • 0
  • 0

Егерде тағдыр күшімен
Бөліске түссе бар әлем,
Аралап жүріп ішінен
Өзіңді таңдап алар ем.

Толық

Масалар

  • 0
  • 0

О, жасаған, жасаған,
Қорлық көрдік масадан.
«Сойқан соғыс» бастайды,
Шыға келіп тасадан.

Толық

Қарап көріңіз