Өлең, жыр, ақындар

От жүрегім – тоғыз жолдың торабы

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1832
От жүрегім – тоғыз жолдың торабы,
Өткен-кеткен жолаушылар қонады.
Талайына деміккенде дем беріп,
Талайларын жылуымен орады.
Әне бір жас жолын жаңа бастаған,
Сырлары көп, қырлары көп баспаған.
Қиындық пен сәтсіздікті сезген жоқ,
Сондықтан да бақыттырақ басқадан.
Әне бір жан кірбің тартқан қабағын,
Тәбетімен ішпейді де тамағын.
Болмаған соң айқын мақсат, тілегі,
Аңырады білмей қайда барарын.
Әйтсе-дағы салыңқы сол жігітім
Болашақтан үзе алмайды үмітін.
Бір бекетке біразырақ аялдап,
Тағы да алға тарта бермек күні-түн.
Әне бір жан әлде неден қорыққан,
Қорыққан да трлігінен торыққан.
Сондықтан да тасқа тимей табаны,
Басы ауған жаққа қарай жорытқан.
Әне бір жан ән салады көңілді,
Ұғатұғын емес тіпті шеріңді.
Жолға шықса жолы болып тұрған соң,
Арманына жетеріне сенімді.
Жол үстінде жол дабылы қағылған,
Жолаушылар арлы-берлі ағылған.
Қарап жатпай, қимылдаған қыр асын,
Іздегені алдарынан табылған.
От жүрегім – тоғыз жолдың торабы,
Өткен-кеткен жолаушылар қонады.
Талайына деміккенде дем беріп,
Талайларын жылуымен орады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нашар оқушы

  • 0
  • 0

Оқушы түк білмесе,
Болар еді кім десе?
Ондайды біз қашан да
Жатқызамыз нашарға.

Толық

Жалқаудың жауабы

  • 0
  • 0

– Қарағым, қалғыма,
Қарап отыр алдыңа.
Сөздің тұрасына келсек,
Дәптерің қайда, көрсет?!

Толық

Сен келдің де бағыма

  • 0
  • 0

Сен келдің де бағыма,
Туған айдай жарқ еттің.
Жарқ еттің де, жаныма
Сарқылмайтын нәр септің.

Толық

Қарап көріңіз