Өлең, жыр, ақындар

Адам туралы жыр

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1123
Сен шын адам екенсің –
Болаттан да бекемсің.
Шындықпенен өрілген
Шетілмейтін шетенсің.
Сен адамсың – алыпсың,
Бар әлемге жарықсың.
Қайтпайтұғын сертінен,
Екі айтпайтын қалыпсың.
Сен адамсың – ұлысың,
Сапалардың нұрысың,
Таңғажайып табысты
Бірісіңнен бір ісің.
Сен адамсың асқарсың,
Жаудың жүзін жасқарсың.
Қалың елді қашанда
Бақытына бастарсың.
Сен адамсың – адалсың,
Ар-ожданың – әміршің.
Көсегеңді көгерткен
Ақыл, кеңес, әділ сын.
Сен адамсың ерек тым,
Келеді елді тең еткің.
Бар адамды бақытқа
Келеді тез кенелткің.
Сен шын адам екенсің –
Болаттан да бекемсің.
Шындықпенен өрілген
Шетілмейтін шетенсің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аллаға сенсем – күндеймін

  • 0
  • 0

Хан сарайындай сарайдың
Иесі болғым келмейді.
Кемшілік көрген талайдың
Киесі болғым келмейді.

Толық

Қалмақбаев

  • 0
  • 0

Жақсы менен жаманды салмақтайық,
Артық туған ағаны ардақтайық.
Бір кездері жойылған жоңғарлардай,
Көрінбей қайда кеттің, Қалмақбаев?

Толық

Екі түрлі сапар

  • 0
  • 0

Мекеменің белгілі
Қызметкері елге бара қалғаны,
Бірақ, оны ешкім қарсы алмады.
Елемеді ел мұны,

Толық

Қарап көріңіз