Өлең, жыр, ақындар

Өлеңнің ұйқасы

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 5
  • 19888
Талапсыз сорлы - «ойлаған»,
Ойға терең - «бойлаған»,
Есалаң, уға - «тоймаған»,
Қажып бір ойын - «қоймаған».
Есер жүрек - «ойнаған»,
Өлгенше үміт - «жоймаған»,
Жындыдай жалғыз - «тойлаған»,
Жалықтырды - «ой» да «ған»...
Құрысын өлең! Қой бағам!



Пікірлер (5)

Айгерым

Керемет журектен. Шыгатын олендер
,,,

Айзере

Бұл.өлең маған ұнады

Гүлназ

Тамаша өлең адамды таң қалдырды

Әмина

Өте жоғары өлеңдер

Айша

Мағжан Жұмабаевтың Өлеңнің ұйқасы атты өлеңі маған ұнады, рахмет! супер!

Пікір қалдырыңыз

Қараңғы, дауылды түн

  • 1
  • 1

Қараңғы, дауылды түн cap далада,
Патшалық құрған өлім айналада.
Шыраққа қолымдағы от тұтаттым,
Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?»

Толық

Жылқышының үйінде

  • 1
  • 1

-Түн түнерді, ұйықтады ауыл,
Сорлы, бейбақ, атаң қайда?..
-Боран мынау, туды дауыл,
Апатайым, атам қайда?..

Толық

Қарындасқа

  • 0
  • 0

Жібек мінез, жігері мол қарындас,
Жүрегіңде у менен бал аралас.
Дүние өзгерді, көрмегелі көп болды,
Тәңірі берсін ашық бақыт, ұзын жас.

Толық

Қарап көріңіз