Мүмкін, сен үмітімді аз ақтарсың,
Мүмкін, сен ақын жанын азаптарсың.
Бәрібір, кінәлауға еш қақың жоқ,
Мүсәпір жағдайымды мазақтарсың.
Жырымды көңілсіздеу ақтарарсың,
Содан соң басқа жаққа аттанарсың.
Бір ақын өле-өлгенше ғашық болып,
Мен жайлы көп жазды деп мақтанарсың.
Мен-дағы міндетімді атқарармын,
Алдыңда арманымды атқарармын.
Жақсы ақын жасады деп мені бір қыз,
Ырза боп о дүниеге аттанармын.
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі