Өлең, жыр, ақындар

Жеңешем

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5305
Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.
Өзіңнен артық жан бар ма,
Жеңешем, менің жеңешем?
Ағаның көңлін табасың,
Ананың көңлін табасың.
Бәріне бірдей иіліп,
Бәріне бірдей жағасың.
Риза қайын сіңлің де,
Риза қайын інің де.
Жібектей жұмсақ мінезің,
Жүрекке жылы үнің де.
Ұсынып қымыз, айран ба,
Барыңды бүкпей жайғанда,
Көңілің үшін көл-көсір
Риза саған мейман да.
Риза құрбы-құрдас та,
Риза сыйлы сырлас та.
Өзіңдей асыл жеңгенің
Өмірде орны бір басқа.
Жеңешем, менің жеңешем,
Жаралған жансың ең әсем.
Аспанда айға теңесем,
Асыра айтты деме сен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шопан туралы ода

  • 0
  • 0

Мадақтасақ мадақтайық шопанды,
Шопан жайлы шырқатайық от әнді.
Шопан бүгін – екінші тың ерлері,
Еңбегімен дүбірлеткен Отанды.

Толық

Кезек күту

  • 0
  • 0

Келіндерді көбіне
Қарамай жосық-жөніне,
Кінәлаймыз тумайсың деп,
Ата салтын қумайсың деп.

Толық

Ояну

  • 0
  • 0

Таң шапағы шашырап,
Жанарыңда жарқ етті.
Арамыз тез ажырап,
Тәтті сәтті тәрк етті.

Толық

Қарап көріңіз