Өлең, жыр, ақындар

Құлпырып тау бөктері

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1356
Құлпырып тау бөктері,
Келді өмірдің көктемі.
Көп қарадым сен бе деп,
Қарлығашқа көктегі.
Бөлеп сәнді сазына,
Келді өмірдің жазы да.
Көп қарадым сен бе деп,
Көлдің аққу, қазына.
Сезсем-дағы күз лебін,
Үмітімді үзбедім.
Бұрымыңа баладым
Тырналардың тізбегін.
Күз де өтер, қыс келер,
Әлем әппақ түске енер.
Еске салып өзіңді,
Әлі талай құс келер.
Қалқам, келіп қайтсаңшы,
Жан сырымды байытсаңшы.
Өзің келе алмасаң,
Құстан сәлем айтсаңшы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатаудың алыбы

  • 0
  • 0

Атыңнан айналайын,
Атақты Жамбыл едің.
Айдын көл айнадайын
Ағылған ән-жыр едің.

Толық

Жаңа жыл

  • 0
  • 0

Келді, міне, елімізге
Жарқын жаңа жыл.
Жадырады төрімізде
Халқым дана бір.

Толық

Мезгілсіз қонақтар

  • 0
  • 0

Ұйқасшылдың үйіне
Барған едік үйіле.
Бірақ та, оның ойлары
Прозамен, өлеңмен араласып қайдағы,

Толық

Қарап көріңіз