Өлең, жыр, ақындар

Қырғыз, қазаққа

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 4
  • 19256
Арқар менен құлжадай
Қойындасқан ежелден.
Екі тентек тетелес
Сойылдасқан екі елден.
Түн заманды төңкерген
Топан-заман не күтед?
Қырғыз - таудың тарпаңы,
Қазақ - қырдың құланы.
Екеуіңе топанның
Тартқан мынау ұраны:
Екі тарлан табысып,
Шұрқырасқай деп күтед.
Алатау, Арқа күңіренген
Күні кеше зарыңнан.
Сендерді солай сорлатқан
Албастыдан арылған.
Бүгінгі тұңғыш тойыңа
Той ұласқай деп күтед.
Енді алдым ашық деп,
Ілгері басқай деп күтед.
Елмен қатар елдіктен
Үмітті болғай деп күтед.
Ұйымдарың сол жолда
Ұйытқы болғай деп күтед.
Соққы жеген жетім ел
Балаулы болғай деп күтед.
Сондықтан қызыл жалындай
Жалаулы болғай деп күтед.



Пікірлер (4)

есенгелді біржан

Жақсы өлең екен

Айка Айка

Бұрын қазақ халқының қыздары əйелдері беті аузын түгел тұмшаланып киінгенба?

Гүлім

Қазақ халқының қыздары еш-уақытта бет-аузын орамағн тұмшалап, бұл бізге араб халқынан келген, себебі бизнес, киім әкеліп сатады,дін арқылы, мен қазақ әйелдеріне айтар едім, қазақ халқы қыздарына үкілі тақия,бүрме көйлек кигізген, келіндер орамал тартқан басына,апалар кимешекті киген.Салт-дәстүрімізді сақтайық ағайын, сонда қазақ болып әлемге танылатын боламыз.Тату болайық.

Гүлім

Көшеде қазақ қыздары бастарына бүр- түрлі орап алып,(қазақта жоқ дәстүр) бүр- түрлі көйлек киіп алады мен ондайға қарсымын. Және де,қазақ қыздарының шортик киіп, лямка көйлек киіп жүрулеріне қарсымын. Мен қалада тұрамын.

Пікір қалдырыңыз

Сағат

  • 1
  • 5

«Шық-шық!» деп соғып тұр
Тоқтаусыз бұл сағат.
Дүниеде неғып тұр
Адамзат бір сағат!

Толық

Жердің жұмырлығы

  • 1
  • 2

Оқудан қайтты жас Сапар,
Терде отырған ақсақал
Орын берді қасынан.
- He білдің, балам? He хабар?

Толық

Тұтқын (М.Д.-ға хат)

  • 1
  • 5

Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Толық

Қарап көріңіз