Өлең, жыр, ақындар

Ел мақтанышы

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1000
(Бокстан Еуропа чемпионы болған Серік Қонақбаевқа)

Мақтасақ біз мақтайық та Серікті,
Жігіт болып жаратылған көрікті.
Ақыл, қайрат, сыр мен сымбат, мейірім –
Бәрін бірдей бір басына беріпті.
Тәубасына келтіріп көп «мықтыңды»,
Шаршы алаңда шайқасқанын ықтырды.
Бокс деген емес тіпті төбелес,
Үлкен өнер екендігін ұқтырды.
Жазық маңдай, қара мұртты қияқты,
Сұлу тұлға тұлпардайын тұяқты.
Қарсыласын құлатуды көздемей,
Шаршы алаңда билеп жүрген сияқты.
Көрсең аңдап жан дүние пейілін,
Тұла бойы тұнып тұрған мейірім.
Жан біткенге жарастықты ұсынып,
Бір өзіне аударды әлем зейінін.
Қашанда ол сабырлы бір қалыпты,
Сонысымен тәнті қылған халықты.
Қарсыластың соққыларын дарытпай,
Асқан шебер екендігін танытты.
Жұлқынатын жолбарыстай жаралы,
Қара ниет жауыз жандар бар әлі.
Қарсыласы ұмтылса жеп қоярдай,
Серік оны күліп қарсы алады.
Мен осындай ерлеріме мақтанам,
Оның әрбір жеңісіне шаттанам.
Жасай берсін Серік сынды жігіттер,
Ел намысын, ел бірлігін сақтаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құтты болсын тойларың

  • 0
  • 0

Күн күлімдеп көгінде,
Сәби келсе өмірге –
Шілдехана тойымыз
Менің-дағы, сенің де.

Толық

Шымшық пен көгершін

  • 0
  • 0

Жауыз тұзақ бір Шымшықты қысты әсем:
Бейшара әбден тыпыршыды, болмады.
Жас Көгершін мұны көріп қорлады:
«Қалай ғана түсіп қалдың түсте сен

Толық

Самолет пен пойыз

  • 0
  • 0

Самолет тұрып мақтанды:
– Аялы жолым аспаным.
Қалдырып белең, бақтарды,
Баратын жерім қас-қағым.

Толық

Қарап көріңіз