Өлең, жыр, ақындар

Бір арман

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1328
Бұл өмірге,
Гүл өмірге келіп ем,
Есігінен ерке басып еніп ем.
Көп жасадым,
Көп асадым демеймін,
Тиесілі несібемді теріп ем.
Қызығы да,
Қызуы да мол таңда,
Уа, достар, жүрдім шалқып ортаңда.
Көпті көрдім,
Көпті бердім демеймін,
Өрнектедім өзіндік бір қолтаңба.
Үйлендім де,
Үйге ендім де, жайландым,
Бұлқына алмас бір қазыққа байландым.
Мәз бе, жоқ па?
Аз да көп те демеймін,
Ошақ қасы,
От басында айналдым.
Жетіліп бір,
Бекініп бір отырып,
Жырларымды жазбақ едім от үріп...
Аз-ақ жандым,
Азаптандым демеймін,
Маздай алмай, күйіп барам тотығып.
Көңілімде,
Өмірімде мың арман,
Бас айналып, көзім тұнды мұнардан.
Көре алмадым,
Ере алмадым демеймін,
Іште кетіп бара жатыр бір арман:
Жырларым да,
Сырларым да қалар-ау,
Жарамдысын жұрт іріктеп алар-ау.
Өлдім – өштім,
Соңғы көшпін демеймін,
Адам болып шығыр ма екен бала анау?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айдана

  • 0
  • 0

Айналайын Айдана,
Жан емессің жай ғана.
Сенің нұрлы жүзіңмен
Теңеседі ай ғана.

Толық

Асығамын өзіңе

  • 0
  • 0

Кейде алыстап кеткенімде,
Сағынасың, сәулешім.
Тағат таппай текке мүлде,
Қамығасың, сәулешім.

Толық

Екі бөшке

  • 0
  • 0

Екі Бөшке келеді: бірінің бар шарабы,
Бірінде
Түгі жоқ түбінде.
Біріншісі домалады шамалы

Толық

Қарап көріңіз