Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің жолы бұралаң

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3211
Өмірдің жолы бұралаң,
Алдыңда арман – ұлы алаң.
Сүрініп талай құлағам,
Тығылып талай жылағам –
Өмірдің жолы бұралаң.
Өмірдің жолы қияқты,
Арманың асқар сияқты.
Қайрап ап қайрат, қуатты,
Тайдырмай тіреп тұяқты,
Шықпасам шыңға ұят-ты,
Өмірдің жолы қияқты.
Өмірдің жолы тар-ұшаң,
Мақсатым биік танысаң.
Біреулерменен алысам,
Бірулерменен табысам,
Бәйгіге түсіп жарысам,
Өмірдің жолы тар-ұшаң.
Өмірдің жолы шырғалаң,
Шарқ ұрып тынбай тырбанам.
Шетсіз де шексіз бұл ғалам –
Ашылмай жатқан сыр маған,
Жазылмай жатқан жыр маған –
Өмірдің жолы шырғалаң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қойшы

  • 0
  • 0

Біздің жігіт байдың қойын бағатын,
Малдың басы кенет кеми бастады.
Сасып сонда Савва тым,
Мұң мен шердің басқаны;

Толық

Көктем кеші

  • 0
  • 0

Көктем кеші көңілді көрінеді,
Алыстан бір әсем ән өріледі.
Жарасымды жақсы әуен ырғағына
Елегізіп көңілім желігеді.

Толық

Ай

  • 0
  • 0

Тынық түнде төбеңде
Төгіп тұрар ай нұрын.
Тұнық көлдің төменде
Тербетеді айдынын

Толық

Қарап көріңіз